ДИКТОР Қазақстанда алдағы төрт жыл ішінде жыл сайын 200-ге жуық инвестициялық жобаны іске қосу жоспарлануда. Бұл жаңа индустриялық тіректі қалыптастырып қана қоймай, елдің транзиттік әлеуетін айтарлықтай нығайтуға мүмкіндік береді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бурабайда өткен Ұлттық құрылтай отырысында өңірлердің автожол желісін дамытуға ерекше назар аудару қажеттігін айтты.
РКС: Қасым-Жомарт Тоқаев машина жасау, металлургия, мұнай – химия, агроөнеркәсіп және көлік-логистика салаларының бағдарламалары басымдыққа ие екенін атап өтті. Осыған байланысты Президент маңызды жобаны іске асырудың басталғанын жариялады. Үкіметке Астанадан Транскаспий халықаралық көлік бағытына тікелей шығатын автомобиль жолын салуға кірісу тапсырылды. Бұл елдің орталық және батыс аймақтары арасындағы жолды 560 шақырымға қысқартуға мүмкіндік береді. Орталық пен Батысты жалғайтын дәліз Елордада басталып, Ақмола облысында Жантеке мен Егіндікөл арқылы өтеді.
СНХ: МАҚСАТ ҚАЛИАҚПАРОВ, ҚР КӨЛІК МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Астана жантеке учаскесінде Қазақстан даму банкінің қаражаты есебінен орташа жөндеу жұмыстары осы жылы басталып, 2026 жылы аяқталады. Жантеке мен Егіндікөл арасындағы аудандық маңызы бар жолға да жөндеу жұмыстарын жүргізу керек. Егіндікөл-Арқалық және Торғай-Ырғыз аралығындағы ұзындығы 339 шақырымды құрайтын жаңа жол салынады.
РСК: Биыл экономиканың нақты секторын қаржыландыру екі есеге, яғни 8 триллион теңгеге дейін өсіруді көздеп отырмыз,-деді Президент. Елімізде бизнесті қолдаудың көлемі бұрын-соңды болмаған. Билік бизнеске қолдау көрсетіп келді, көрсете де береді. Мемлекет басшысы осылай деді. Аймақтардың экономикалық өсудің жаңа нүктелерін құруды атап өтті. Ең алдымен Үкіметтің қолдауын пайдалану қажет. Тұтастай алғанда тиісті артықшылықтарды жауапты,ең бастысы заңға бағынған кәсіпкерлер алуы тиіс.
СНХ: РАСУЛ СЫЗДЫҚОВ, «АТАМЕКЕН» ӨҢІРЛІК КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Мемлекет басшысы кәсіпкерлерді, тұтастай алғанда бизнесті қолдауды жалғастыру маңызды екенін атап өтті. Президентті әрине қолдаймыз. Кәсіпкерлер палатасына қатысты мемлекет басшысының көзқарасымен қарайтын болса, былтыр 260-тан астам шағым түскен. Оның тең жартысының мәселесі оң шешілді. Одан біз нені аңғардық? Әлі де болса жосықсыз мемлекеттік уәкілетті органдардың қуғындық сипаты бар екенін байқап отырмыз. Оң шешілген мәселеге қатысты айтсақ, лауазымды тұлғалар, шенеуніктер кәсіпкерлерге қуғындық сипатты қолданғанын тоқтатпағанын дәлелдеп отыр.
РКС: Жергілікті атқарушы, бақылаушы және қадағалаушы органдар бинес өкілдерін заңды қасақана бұзушылар деп қарамауы тиіс,-дейді мамандар. Барлық салықты саналы түрде төлейтін әлеуметтік бағытталған кәсіпкерлер заңсыз бизнеспен салыстырғанда әлдеқайда бәсекеге қабілетті. Сондықтан, олар билік тарапынан қолдауға лайықты.
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ