ДИКТОР: Астрахан аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 500-ден астам ұлдар мен қыздар тұрақты айналысады. Оларға спорттың 10 түрінен тәжірибелі жаттықтырушылар дәріс береді.

РКС: Астрахан ауданы ежелден жауырыны жер иіскемеген еркін күрес балуандарына бай. «Тұлпар аунаған жерде түк қалады» демекші ағалар жолын киінгі толқын ұрпақ лайықты жалғастырып келеді. Біз болған күні еркін күреспен айналысушы жасөспірімдер ақтер, көк тер болып жаттығып жатты. Олар әртүрлі әдіс айлаларды үйреніп, шынығу үстінде.

Естественный шум...

СНХ: ДИАС БАЛАБАЕВ, БАЛУАН: Мен еркін күреспен бірнеше жыл айналысып келемін. Сан мәрте облыстық жарысқа бардым. Өз салмағымда жүлдегер және жеңімпаз болдым.

СНХ: ӘМІР БОЛАТОВ, БАЛУАН: Жақында ғана облыстық жарыстан келдім. Жүлделі орыннан көріндім. Қазір Наурыз мерекесі күні орталық алаңда өтетін балуандар белдесуіне қатысамын. Жеңістен үміттімін.

РКС: Әлібек Баймағамбетов Астрахан ауданындағы үркердей ғана Жарсуат ауылында туып өсті. Күреспен бастауыш сыныпта жүргенде айналысып, облыс чемпионы атанды. Астанадан жоғары білім алып келгеннен кейін бапкер болды. Соңғы жылдары аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жетекшілік етіп келеді.

СНХ: ӘЛІБЕК БАЙМАҒАМБЕТОВ, АУДАНДЫҚ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Соңғы жылдары біздің ауданның спортшылары саналуан жарыстарда жеңіске жетіп жүр. Бұл бапкерлер еңбегінің нәтижесі. Сол сияқты материалдық база да жақсарып келеді. Соның арқасында балалар спортының бұқаралығы артты.

РКС: Қазақстан Республикасының Президенті жақында ғана Бурабайда өткен құрылтайда балалар спортын дамыту жөнінде мәселе көтерді. Оны жүзеге асыру жолында Астрахан ауданында да жүйелі жұмыс жоспары жасалды.

ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ