ДИКТОР: Облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде Наурыз мерекесі атап өтілді. Шараға мектептің тәрбиеленушілері, ата-аналары және спорт басқармасының өкілдері қатысты.

РКС: Спорт мектебінің ауласында қазақтың ақшаңқан үйі тігіліпті. Ұлттық тағамдар, оның ішінде мерекенің басты тағамы Наурыз көжеде дайындалды. Спорттық шаралардың да көрігі қыза түскен. Асық ату, гір көтеру сияқты ұлттық спорт ойындары, тұсау кесу салт-дәстүрі де көрсетілді.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: ӘЛІМЖАН МОЛДАҒАЛИ, ОБЛЫСТЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Қазақстанның түкпір-түкпірінде үлкен наурыздық мереке өтіп жатыр. 14-нен бастап, «Көрісу күнінен» басталды. Ұлттық дәстүрді, ұлттық өнерді, тәлім-тәрбиені, ұлтымыздың қандай дәрижесі бар, қандай жетістіктері бар, солардың бәрін көрсетіп, жастардың өз күштерін көрсетіп, спорт бөлімдері өтеді бүгін. Ас береміз, бауырсақ сияқты ұлттық тағамдарды ұсынып, төңіректегі халықтарды жинап, үлкен жиын өткіземіз. Қазағымыздың салт-дәстүрін алға қарай ұластырып, жетістіре берейік.

РКС: Іс-шарада спорт мектебі тәрбиеленушілерінің жетістіктерінен шағын көрме де ұсынылды. «Тазы-төбет-бөрібасар» республикалық қоғамдық бірлестігі федерациясының өкілдері әлемге танылған тазыларын әкелді.

СНХ: ОРАЛБЕК ҚАЙСАНОВ, «ТАЗЫ-ТӨБЕТ-БӨРІБАСАР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Қазақ болған соң, қазақтың тазысын, бөрі, төбеттерін әкеліп, жұртқа көрсетейік деп әкелдік. Бұлардың бір мақтанышымыз бүкіләлемдік деңгейде қазақ тазысы, төбеті деген бүкіл әлемге танытып, көрмелеріне барып, қатысып жүрміз. Осындай мерекелеріміз көп болып, тек қана жақсылықта, қуанышта басымыз қосылып, қазақ елі өркендеп, көркейе берсін дейміз. Мереке құтты болсын дейміз!

РКС: Мереке барысында спорт мектебінің ұжымы мен ата-аналар бауырсақ, палау, наурыз көже сияқты қазақ халқының ұлттық тағамдарын қонақтарға таратып, әсем әннен шашу шашты.

ИНТЕРШУМ:

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.