ДИКТОР: Облыстық кәсіпкерлер палатасында агроөнеркәсіптік кешен және тамақ өнеркәсібі салалық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Оған Ақмола облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, сондай-ақ құқық қорғау органдары мен жергілікті билік өкілдері қатысты.

РКС: Биылғы наурыз айының басында Үкімет экспорттаушыларға астық тасымалдағаны үшін субсидия төлей бастады. Бір тонна астықты тасымалдау үшін 20-дан 30 мың теңгеге дейін өтемақы төлеу жөнінде ереже бекітілді. Салалық кеңес отырысына қатысушыларға төлемдерді қалай алу керектігі түсіндірілді. Мұндай шаралар шығынды азайтады,- дейді ақмолалық диқандар. Көтерілген келесі мәселе арзандатылған дизель отынын бөлу.

СНХ: НИКОЛАЙ СТЕПАНЕНКО, «АСКОП» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ БАС ДИРЕКТОРЫ: Былтырғы жылы проблема туындаған. Онда дизельдік отынның үлкен көлемі кешіктірілді. Оларды мұнай базалары сатып алған. Бұл мәселе негізінен Ақмола облысына қатысты. Жағдай бүгінгі күнге дейін өзгерген жоқ. Сонымен қатар, пайдаланылған жанар-жағармай бойынша шығындардың айтарлықтай үлесін алатын ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің қосымша жұмыстары тізіміне енгізу мәселесі де толық шешілмеді.

РКС: Көктемгі дала жұмыстарына облысқа жыл сайын жеңілдетілген отын жеткізіледі. Оны фермерлерге операторлар береді. Шаруалар толық көлемде сатып алмаған жағдайда мұнай базалары шығынға ұшырайды. Кәсіпкерлер палатасы жағдайды шешудің жолын ұсынды.

СНХ: ЕРҚАНАТ МҰСЫЛМАНБЕК, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші бөлінген жанар-жағармайды алмаған болса, оны көктемгі дала жұмыстарының басқа түрлеріне қайта бөледі. Мысалы, жер жыртуға беріледі. Біз бұл стандарттардың барлығын мүмкіндігінше тезірек бекіту керек деп есептейміз. Өйткені біз континенттік белдеуде болғандықтан климат пен табиғи жағдайлар тез өзгеруі мүмкін. Ал, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өтініші бойынша қалған жанар жағармайды тез арада қайта бөлу қажет болады.

РКС: Отырыс соңында кеңес мүшелері жер телімдерінің шекті көлемін талқылады. Егістік жерлер мен жайылымдардың енгізілген нормасы елімізде екі жылдан аса уақыт бойы қолданылып келеді. Заңға сәйкес, заңды тұлғалар мен шаруа қожалықтарының ақылы пайдалану үшін белгіленген гектардан артық жер учаскелері бола алмайды. Бизнес-қауымдастық бұл мәселеде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен үлес қосып жүрген кәсіпкерлерге жағдай жасау қажеттігін атап өтті.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.