ДИКТОР: Туризм – бизнес пен экономиканың тұтас бір саласы. Бұл өңірлер үшін дамудың маңызды бір бөлігіне айналуы тиіс. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық Құрылтайдың отырысында айтты. Президент туристік қызмет көрсетуде халықаралық стандарттарды ұстанудың маңыздылығына тоқталып, бұл саланы дамыту үшін жеке инвестициялар тартылып жатқанын атап өтті. Ақмола облысындағы туризм алдағы уақытта қай бағытта дамиды? Тілші баяндайды.
СНХ: АНДРЕЙ ПОДГУРСКИЙ, ОБЛЫСТЫҚ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Өздеріңіз білесіздер еліміздің басты курорты Щучье-Бурабай курортты аймағы. 6 наурыз күні Үкімет қаулысымен осы өңірді дамытудың 2029 жылға дейінгі кешенді жол картасы бекітілді. Бұл жол картасы аясында 130-дан аса іс-шара қамтылған. Ол бірінші кезекте Бурабай шипажайының инфрақұрылымын дамытуға, инвестиция тартуға, жаңа орындарды дамытуға бағытталған.
РКС: Ұлттық Құрылтайдың Бурабайда өтуі бекерден бекер емес. Мемлекет басшысы өз сөзінде Ақмола облысының туристік әлеуеті зор екенін атап өтті. Алдағы төрт жылда Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамытуға шамамен 140 миллиард теңге бөлінеді.
РКС: Щучье-Бурабай курортты аймағы мемлекеттің назарында. Өйткені, негізінен туристер дәл осы өңірге ағылады. Облыстың орасан зор туристік әлеуеті Шучинск-Бурабай аумағымен ғана шектелмейді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев облыста өзінің болашағының зор екенін көрсеткен өзге де рекреациялық бағыттарды дамыту қажеттігін атап өтті. Демалыс аймағы ретінде мүмкіндігі мол Зеренді, Сандықтау, Ақкөл және басқа да жерлерді жан-жақты дамыту қажет екенін қадап айтты. .
СНХ: АНДРЕЙ ПОДГУРСКИЙ, ОБЛЫСТЫҚ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Ақкөл ауданының орны бір бөлек. Былтыр ғана облыс әкімшілігінің бастамасымен бұл өңір басымдылығы жоғары туристік аумақтың тізіміне енгізілді. Ол не береді? Ең алдымен Ақкөл ауданына инвесторлардың келуіне ықпал етеді. Олар үшін бірқатар артықшылықтар болады. Бұл өте маңызды. Өйткені, туристік сала инвестиция жағынан шығыны өте көп. Сондықтан бастапқы кезеңде инвесторларды қолдау керек. Аталған шара бізге осыларды жасауға мүмкіндік береді. Ақкөл ауданында қазірдің өзінде бірнеше маңызды инвестжоба бар. Солардың айналасында туристік кластерді дамытуға болады.
РКС: Зеренді курортты аймағын жарнамалаудың еш қажеттілігі жоқ. Табиғи-климаттың жағдайы бойынша Бурабайдан еш кем емес. Зеренді жабайы табиғатты сүйетін туристерді тартуда алдына жан салмайды. Бұл аумақта жүзеге асырылатын бірқатар инвестжоба бар, Сандықтау өңірі аса танымал болмаса да, оның болашақтағы туристік әлеуеті жоғары. Бұл аймақта балалар демалысы мен санаторлық-курортты емдеуді дамытуға болады.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ