ДИКТОР: Көкшетау қаласындағы нөмері 11 мектеп-гимназиясында Түркияның Анталия қаласында орналасқан Денизхан Өнер мектебінің ұстаздары және оқушыларымен кездесу өтті. Наурыз мейрамына арналған іс-шара «Бауырлас мектептер» жобасы аясында онлайн режимінде ұйымдастырылды.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Бұл шара екі елдің мәдениетін, салт-дәстүрін жақындастырып, білім беру мен достықты нығайтуға үлкен септігін тигізбек. Шара барысында ұстаздар мен оқушылар қазақ мәдениетінің байлығын, Наурыз мейрамы, еліміздің салт-дәстүрлері туралы әңгімелеп, киіз үй мен қазақтың түрлі ұлттық тағамдары қойылған дастарханды көрсетті. Түрік халқына ұлттық ойындар, спорт түрлері, өнер және халық дәстүрлері таныстырылды.
СНХ: БОТАГӨЗ ҚҰСАҚАЕВА, №11 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Нөмері 11 мектеп-гимназиясында өте жақсы іс-шара өтуде. Түркия елімен бірігіп "Бауырлас мектептер" жобасын іске асырудамыз. Бүгінгі шарамыз негізінен мәдениетпен, тілмен, тарихпен таныстыруға негізделген. Осы іс шарада ұлттық ойындармен, салт дәстүрмен қолөнермен таныстырамыз. барлық мектеп оқушылары мен мұғалімдері атсалысуда.
РКС: Мұндай іс-шаралар еліміз бен Түркия арасындағы мәдени байланыстарды арттырып, жас ұрпақты бейбітшілік пен достықты дәріптеуге баулиды. Іс-шара соңында Түркия мектебі қазақстандық әріптестеріне шынайы ризашылығын білдіріп, кері байланыс жасады. Олар мерекенің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын, қазақ халқының қонақжайлығы мен мәдениетінің бай екенін ерекше атап өтті.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, АЛМАС САДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.