ДИКТОР: 18 наурыз - ұлттық киім күні. Жалпы облыс аумағындағы мекеме, ұйымдар мен білім беру ошақтарында ұлттық киімді ұлықтау 1 наурыздан басталып кеткен. Осы күндері қай мекеме, жоғарғы, орта арнаулы оқу орындары мен мектепке барсаңыз да бар қызметкерлер, оқушылар сәнді, әсем, көздің жауын алар небір қазақы нақыштағы киім-кешекте жүргенін көресіз.
РКС: "Аmаnат" партиясы Ақмола облыстық филиалының қызметкерлері ұлттық киімдерді 1 наурыздан кие бастаған. Ұлттық құндылықтарды дәріптеу, киім-кешектеріміз бен әшекей бұйымдарды насихаттау ісіне барша қазақстандық біріге атсалысуы керек,- деп санайды партиялықтар.
СНХ: АҚМАНАТ ӘЛІМБЕТОВА, «АMANAТ» ПАРТИЯСЫ АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Осы Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтып кеткен өз ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында киімдерімізді көрсету керек. Қандай әдемі қыздардың көркін келтіреді. Ер адамдардың ерлігін өжеттілігін көрсететін ол біздің ұлттық киімдеріміз, оны дәріптеңіздер деп барша қазақ еліне үндеу жасады. Мұны біз тек наурыз мерекесі қарсыңында емес, ұлттық бір нақышта өрнегі бар сәнді киімдеріміз өте көп. Жұмыс күндері, қонаққа барғанда киіп, өзіміз дәріптемесек кім дәріптейді. Барша қазқстандықтарды қолдауға шақырамын.
РКС: Абай атындағы дарынды балаларға арналған нөмірі 3 мамандандырылған мектеп-интернатының ұжымы да аталған іс-шараны 1 наурыздан бастаған.
СНХ: АЖАР ЖАНҰЗАҚ, АБАЙ АТЫНДАҒЫ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН №3 МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ: Мектебімізде ұлттық киім және қолөнер күні өтіп жатыр. Дәл осы күні мектеп ұжымы, оқушылары ұлттық киімдерді киіп, шашбау, шолпы сынды әшекей бұйымдарды қазақтың мағынасы бар бұйымдарды киеді. Ұл балалар болса шапан бөрік сынды киім киеді. Жалпы мектебімізде әр дүйсенбі сайын қазақша киім киеміз. Ал наурыз басталғалы күнде киіп жүрміз. скл. көріп тұрғаныңыздай мына оқушылар қолөнерге барады. жыл бойы жасаған жұмыстарын аяқтап жатыр. Жұмыстарын көрмелерге қояды, өзге адамдарға таныстырады.
РКС: Қазақ халқының ұлттық киімі - тарихымыз бен мәдениетіміздің ажырамас бөлігі. Әр ою-өрнек, түйме, зергерлік бұйым белгілі мағынаға ие. Шапан, қамзол, сәукеле, тақия, белбеу сынды ұлттық киімдер халқымыздың талғамының биік екенін көрсетуде.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ