ДИКТОР: Салт-дәстүр ұлттық тәрбиенің негізі. Бүгінгі күні тәуелсіз қазақ елінде салт-дәстүрді дәріптеп, болашақ ұрпаққа баз қалпында сақтап кеңінен насихаттау,-дейді отбасылар. Наурызнама онкүндігіндегі бір күн, яғни 16-шы наурыз - шаңырақ күніне арналды. Шаңырақ бір үйелменнің ғана емес, тұтас ұлтты біріктіру деген ниетті бейнелейді. Қазақ ұғымында «шаңырақ» сөзінің символдық мәні бар. Ата-бабалар айналадағы әр заттан пәлсапалық ой іздеп, өмір салтымен байланыстыруға күш салды. Шаңырақты да киелі деңгейге көтеруі тегін емес.

РКС: Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, уақыт өткен сайын жаңарып келе жатқан мерекенің әр отбасы үшін мерейі ерек. Мерейлі мереке қарсаңында ғана емес, егеменді елде салт-дәстүрмен қатар ұлттық құндылықты ұлықтаған, түтінін түзеген отбасылар қаншама. Бүгінде керегесі кеңейіп, ұлын құтты ұяға қондырып, шаңырағын шаттыққа кенелткен, келін жұмсап қолы ұзарып, тәтті немеренің қылығына тоймай отырған отбасы-Есләмбек Смағұлдың шаңырағы. Отағасы қазақы салт-дәстүрдің қаймағы бұзылмай ұрпаққа саф қалпында берілсе, ол біздің негізгі құндылығымыздың бірі,-дейді.

СНХ: ЕСЛӘМБЕК СМАҒҰЛ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Салт-дәстүр өзіміздің құндылығымыз дейміз ғой, сол ата-бабаларымыздың салып кеткен жолдары ғой. Осы құдайдың берген немерелерін тәрбиелеп келе жатырмыз, құдайға шүкір. Құдайдың берген немерелері. 4 баламыз бар. Отан үй ғой.Немерелерімізді осындай үйде тәрбиелеп, мұғалімдер ары қарай өздерінің білімдерін береді.. Бізде наурыз мейрамы ата-бабамыздың мейрамы ғой. Сол мейрамдарда неге жүгірмеске?Егер біз бауырсағымызды пісіріп, етімізді асып, көжемізді пісіріп, шапанымызды кигізіп, тілегімізді айтып батамызды беріп сондай бір жағдай жасасақ кімге жамандық болды. Ертең осыларға міне үлгі болады, сабақ болады деп ойлаймын.

СНХ: МАРЖАН СМАҒҰЛ, ОТАНАСЫ: Осы жеткен күнімізге алла тәубе шүкіршілік қыламыз. Міне 3 ер баламыз, бір қыз баламыз бар. Немерелеріміз бар, ортамызда отырған. Ата-енем болды. Ол кісілер қолымызда болды,1-2 жыл болды қайтты.89-ға келіп қайтты. Енемнің қолында осы келінімді ұстап отырдым. Соның қызығын көріп отырмыз. Сол кісіден алған тәрбиеміз ғой. Сол кісіден не тәрбие алдым, сол тәрбиені осы келіндерім алып отыр деп ойлаймын.

РКС: Қазақ үшін шаңырақтың құрметі әрқашан биік. Отбасының ұл-қыздары қазақы тәрбиемен сусындаған,тіптен салт-дәстүрден де құр алақан емес. Тұлымдылары ат жалын тартып мінген, бүгінде бір-бір отбасының тірегі, ал бұрымдылары іскерлікке жақын. Қазіргі отбасының да тілегі өшпейтін де, өлмейтін ұлттық мұра мен бабадан қалған қара шаңырақты сол қалпында ұрпаққа мұрағат ету. Әке шаңырағының киесін дұрыс түсінген ұлдары да, қазақы тәрбиенің бастау бұлағынан сусындап, алған өнегені балаларына жеткізу деп біледі.

ИНТЕРШУМ:

СНХ:ҰЛАН ҚАЙЫРЖАН, ЕСЛӘМБЕК СМАҒҰЛДЫҢ ҰЛЫ: Қазіргі тәрбиенің басында жүретін ата-ана ғой. Қазіргі осы біздің өсіп жетілуіміз ата-анамыздың арқасы. Қазіргі таңда аллаға шүкір өздерінің немерелерін көріп жатыр, жиендері бар, құдайға шүкір. Соның бәрі әкеміздің кезіндегі механизатордан бастап, КСРО кезінде басталған еңбектің арқасында. Әкеміз әрқашан өз жұмыс орнында болғанымен, анамыз бізді тәрбиелеп, қадағалаған болатын. Соның барлығын біз өзімізге бала кезден алып, қиындықты түсінгенбіз.

РКС: Шаңырақ күні – жекелеген отбасының ғана емес, тұтас ұлтты біріктірудің белгісі іспетті. Қоғам жанұя болмысы мен егемендікті шаңырақтан іздейді. Айта кетейік, мемлекет сапалы ұлт қалыптастыру жолында татулық, тілеулестік секілді қасиеттерді отбасы институты арқылы сіңіруге тырысып жатыр. Отбасының маңызын дәріптеу, тұрмыс ахуалын жақсарту келешек шешім мен нәтижеге ықпал етпек.

НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ