ДИКТОР: Көкшетау қаласының әкімі Әнуар Күмпекеев облыс орталығының су тасқыны қаупі бар учаскелеріне барып, жауапты органдардың су тасқыны кезеңіне дайындығын тексерді.

РКС: Жыл сайын су басуға ұшырайтын аумақтың бірі теміржол саяжайлары. Олар су қорғау аймағында салынған. «Казсушаруашылығы» суды жіберу ұлғайтқан кезде жергілікті тұрғындар су тасқыны қаупіне ұшырайды. 244 саяжайда тоғыз отбасы тұрақты тұрады, тағы үшеуі қатынап тұрады. Аумақты су басқан жағдайда тұрғындар туыстарына, әлеуметтік бейімдеу орталығына немесе жасалған келісім-шарттар бойынша қонақ үйлерге көшіріледі. Биыл қала тұрғындары олардың аумағын су баспайды деп үміттенеді. Бірақ су ресурстар министрлігі ұсынған жұмыстардың әлі күнге дейін орындалмағанына наразы.

СНХ: АЛЕКСАНДР ШЕМЯКИН, «ТРАНСПОРТНИК» САЯЖАЙ УЧАСКЕЛЕРІ МЕНШІК ИЕЛЕРІ КООПЕРАТИВІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Маусым айында су ресурстарының комиссиясы өзен арнасын тазарту жұмыстарын жүргізген жоқ. Маусым айында комиссия келіп, акт жасап, оны әкімдікке, бізге де жіберді. Бірақ жұмыс жүргізілген жоқ. Өзен сол қалпында қалды.

РКС: Әкім жауапты қызметкерлерге жұмысты жазда бастауды тапсырды. Әрі қарай жұмыс тобы Красный Ярға барды. Ауылда судың келуінен құтқаруға арналған үйіндіні нығайту жұмыстары жүргізілуде. Бүгін негізгі арықтар мен су өткізу құрылыстары тазартылды. 2 мың қап дайындалды, оның мыңнан астамы қауіпті аймаққа жеткізілді.

СНХ: СЕРІКЖАН МӘКІШ, КРАСНЫЙ ЯР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ: Биыл ұзындығы 130 метр үйінді жасадық. Суды далаға қарай бұрып жібереміз. Сол жерде табиғи арық бар. Еріген су ауылға емес, шұңқырға құйылады. Үйіндіні қосымша нығайту қажет болса, нығайтамыз.

РКС: Жыл сайын Момышұлы-Остапенко және Гвардейская-Жұмабаев көшелерінің қиылысындағы арықтардың жағасында орналасқан жер үйлерді су басып кетеді. Оларды қолмен тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Арық жағалаулары қаптармен нығайтылады. Сондай-ақ, жұмыс сапары барысында Әшімов көшесіндегі көпір бөгеті тексерілді. Биыл бұл учаскеде су тасқыны болмайды деген болжам бар. Биыл жазда көпірді қайта құру жұмыстарын бастау жоспарлануда. Жоба аяқталуға жақын.

СНХ: ӘНУАР КҮМПЕКЕЕВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ: Екі қауіп бар – бұл даладан келетін су. Яғни Зеренді ауданы тарапынан және Шағалалы су қоймасынан су жіберілуі мүмкін. Әрине, барлық айналма арналарды тазалап жатырмыз. Қазір қала аумағынан қар шығару жұмыстары жалғасуда. Бүгін қаладан 200 мың текше метр қар шығарылды. Әшімов көпірін сол қалпында қалдырамыз. Егер сең жүретін болса, көпір қорғаныс ретінде әрекет етеді.

РКС: Абай көшесіндегі көпірде ұзындығы 120 метр тас пен құмнан жасалған құрылыспен бекітілді. Осы мақсатқа 29 миллион теңге бөлінді. Құтқарушылар тұрғындарға көмек көрсетуге дайын.

СНХ: МАКСИМ ШАТКОВСКИЙ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ: Су тасқыны кезеңіне арналған 43 техника дайын. Оның ішінде мотопомпалар, су жіберу машиналары, өрт насос станциялары, моторлы қайықтар. Қазір барлық техника мен жеке құрам дайын. Қажет болған жағдайда дабыл бойынша жиналып, алға қойылған міндет орындалады.

РКС: Синоптиктердің болжамы бойынша, су тасқыны осы аптада басталады. Биыл бұл мәселе мұқият қарастырылды, оның алдын алуға бағытталған шаралар жалғасуда.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕН, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.