ДИКТОР: Мемлекеттік қызметкерлер тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін және құрылыс саласындағы проблемалық объектілерді жою жөніндегі шараларды ұсынды. Облыс әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Жиында облыс әкімі Марат Ахметжанов мемлекеттік органдардың басты міндеті - халықтың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын қамтамасыз ету екенін атап өтті.

РКС: Отырыста кейбір мердігерлердің құрылыс және жөндеу бойынша мемлекеттік сатып алу конкурстарында негізсіз жеңіске жететіні туралы айтылды. Мәселен, соңғы екі жылда облыстық тендерлердің тек 16 процентін жергілікті мердігерлер жеңіп алған. Қазір жағдай өзгере бастады, енді салықтар әкелетін және Ақмола облысынан жұмыс күшін тарта алатын жергілікті компанияларға басымдық берілмек.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: 2022-2023 жылдары жергілікті мердігерлер небәрі 16 процент жеңіп алды, қалған 84 проценті бізге басқа аймақтардан келіп, қосалқы мердігерлікке бергендер. Бізде салықтар қалмады соның салдарынан сапа төмендеп кетті. Биыл бұл көрсеткіш 75 процентке өсті, оның ішінде тұрақты жұмыс орындарының жеке табыстарының өсуі 20 процентке артты. Біз тиімділігін де назардан тыс қалдырмауымыз керек.

РКС: Жиында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Асхат Оразхан атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Талдау нормативтік-құқықтық базаның жетілмегендігіне, бюджет қаражатын тиімсіз пайдалануға, процестерді цифрландыру мен автоматтандырудың жеткіліксіздігіне байланысты тәуекелдер бар екенін анықталды. Ұсынымдар әзірленіп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша жоспар жасалды.

СНХ: АСХАТ ОРАЗХАН, ОБЛЫСТЫҚ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: Қаражатты мақсатсыз пайдалануға жол бермеу, сондай-ақ жобаларды уақытылы және сапалы іске асыруға жол бермеу мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар туралы жауапты тараптардың есептерін тыңдау үшін , құрылыс, сәулет, қала құрылысы, экономика басқармасы және біздің Департамент өкілдерінен тұратын комиссия құруды ұсынамын.

РКС: Айта кету керек, облыста өңірдің инфрақұрылым нысандарын салудың проблемалық объектілерін аяқтау бойынша жол картасы бекітіліп, әзірленді. Оған 26 сумен, 3- газбен және 2 - электрмен жабдықтау объектілері енгізілді. Сақалды құрылысқа айналған жобалар бойынша қажетті жұмыстар және құрылысты аяқтау мерзімдері айқындалды.

 СНХ: АЗАМАТ БАЙҚУАНЫШЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚҰРЫЛЫС, СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ М.А.: Өткен жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның алдыңғы отырысының қорытындысы бойынша құрылысты аяқтауға және барлық әлеуметтік объектілерді, ұзақ құрылыстарды пайдалануға беруге бағытталған қажетті шаралар кешенін қабылдау тапсырылды. Мұның бәрі 2025 – 2026 жылдарға арналған бекітілген жоспарға сәйкес. Жалпы басқару бойынша 50 бюджеттік, инвестициялық жобаны іске асыру жүргізілуде.

РКС: Отырысты қорытындылай келе, аймақ басшысы Марат Ахметжанов жұмысты іске асыру және нақты шаралар қабылдау үшін жауапкершілікті атап өтті.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ