ДИКТОР: Бүгін «Көкшетау Энерго» серіктестігінің әкімшілігі нәзік жанды қызметкерлері мен ардагерлерін ерекше құттықтады. Халықаралық әйелдер күнін атап өтуге Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрына шақырды. Тілшіміз Евгений Варанкин жалғастырады.

РКС: Бүгін Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрында «Көкшетау Энерго» серіктестігінің нәзік жандары үшін @КЕЛіН_КӘ.KZ әзіл-сықақ аралас думанды қойылым ұсынылды. Көрермендер сахнада болып жатқан әрекетті таңданыспен тамашалады.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: ДОСЫМХАН АРАЛБАЕВ, «КӨКШЕТАУ ЭНЕРГО» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ БАС ДИРЕКТОРЫ: Шахмет Хұсайынов атындағы театрда тамашалауға өзіміздің жұмыстағы қыз-келіншектерінің бәрін жинап отырмыз. Осы жерде құттықтау сөздер айтып, оларға жылы лебіздер білдіріп, Облыс жұртшылығы, әсіресе әйел азаматтар. Сіздерді 8 март мерекесімен құттықтаймын! Әр шаңырақта береке болсын, ырыс қонсын, жақсылық болсын! Еліміз өркендеп, Қазақстанымыз алдыңғы елдердің қатарында болсын!

РКС: «Көкшетау Энерго» серіктестігінің әкімшілігі өз қызметкерлері мен зейнетке шыққан ардагерлер үшін осындай іс-шараларды жиі өткізіп тұрады. Бүгін 100-ге жуық нәзік жандының басы қосылды. Серіктестік жанындағы ардагерлер кеңесі мерекен құттықтады.

СНХ: АЛЕКСАНДР РЕДВАНЕЦКИЙ, «КӨКШЕТАУ ЭНЕРГО» СЕРІКТЕСТІГІ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Бүгін әріптес азаматшаларды тамаша мерекемен құттықтағым келеді. «Көкшетау Энерго» әкімшілігі кез келген мерекеде аға буын өкілдерін ұмытқан емес. Міне, бүгін 8 наурыз мерекесін ұжыммен бірге қарсы алуға шақырды. Тағы да осы керемет мерекемен құттықтағым келеді. Отбасында береке-бірлік, сенімді, адал достар тілеймін. Бала-шағалары тек қуаныш сыйлап, қаражаттары көп болсын! Мереке құтты болсын, қымбатты әйелдер!

РКС: Театр мен серіктестік қызметкерлері мерекелік іс-шараға келген барлық нәзік жандарға гүл шоқтарын сыйлап, құттықтау сөздерін арнады.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.