ДИКТОР: Күнделікті өмірде айналасына шуақ шашып жүретін нәзік жандылар мереке қарсаңында одан сайын құлпыра түскендей. Сәнді көйлек, тартымды ою-өрнек, ерекше сәнделген шаш көз сүйсіндірері хақ. Жүздері бал-бұл жайнаған қыз-келіншектер солтүстікке кеш жететін көктемді жақындата түскендей. Мереке қарсаңында облыс әкімі Марат Ахметжанов Көкшетаудағы «Новопэк» серіктестігінде өңірдегі кәсіпорындардарда еңбек етіп жатқан жұмысшы әйелдермен жүздесіп, жылы лебіз, жүрекжарды тілегін білдірді. Тілшіміз Нұрсәуле Мұратқызы жалғастырады.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Сіздерді осындай мереке көктемнің шұғыла күнімен біздің облыстың ер азаматтарының атынан шын жүрекпен құттықтауға рұқсат етіңіздер. 8-Наурыз халықаралық әйелдер күнімен әйел-ана, отбасының ұйытқысы, береке-бірліктің шырақшысы,адам өміріндегі бір жарқын сәттердің себепшісі, отбасы, қоғамымымыз бен мәдениетіміздің негізі. Әйел бар жерде құт-береке бар, әйел бар жерде жетістік бар, жеңіс бар, махаббат бар, әйел бар жерде бір жақсылық бар. Сондықтан мен бүгін арнайы келіп отырмын. Өйткені, мынау үлкен өндірісте өнім шығарып, мемлекетіміздің қарқынды дамуына өз үлестеріңізді қосып жатып, сіздердің ең үлкен жасап жатқан жас өскелең балаларыңызды тәрбиелеп, осы жерде де үлгеріп, үйде балаға тәрбие беріп, отбасындағы жұбайларыңызға қамқорлық жасап, бәріне сол жаңағы айтып жатқан еліміздің де, шаңырақтың да , отбасының да ұйытқысы өздеріңіз. Сондықтан алғысымызды білдіреміз, ризашылығымызды білдіреміз.Әрқашан сіздердің еңбектеріңіз,жасап жатқан жұмыстарыңыз марапатқа ие болады.
РКС: Талай ақынның түн ұйқысын ұрлап, жырына қосқызған,талай жазушының кеңінен көсілуіне себеп болған, талай суретшінің көз майын тауысқан нәзік жандылардың халықаралық мерекесі де келіп жетті. Біз әйелдерді нәзік гүлге теңейміз. Атаулы мейрам қарсаңында облыс әкімі Марат Ахметжанов әр салада еңбек етіп келе жатқан қыз-келіншектерді арнайы мерекемен құттықтады. Солардың қатарында «Новопэк» серіктестігінің тігіншісі Зейнекеш Мұхамедина да бар.
СНХ: ЗЕЙНЕКЕШ МҰХАМЕДИНА, «НОВОПЭК» СЕРІКТЕСТІГІ ТІГІН ӨНЕРКӘСІБІНІҢ МАМАНЫ: Бүгін Бізді басшыларымыз құрметтеп жатыр 8-наурыз мерекесімен. Соған мен де осы мерекемен барлық әйелдерді, қыз-келіншектерді құттықтағым келіп тұр. Ең бірінші тілейтінім, денсаулық, семьяда бақытты болсын, отбасылар аман болсын! Әрдайым құлыпырып, көктем құсап жүре беріңіздер.
СНХ:ГҮЛНӘР ТОҚТАҒҰЛОВА, «ГОРМОЛЗАВОД» СЕРІКТЕСТІГІ ҰЛТТЫҚ ЦЕХТЫҢ ШЕБЕРІ: Мен "Гормолзавод" серіктестігіндегі ұлттық цехтың шеберімін. 8-Наурыз көктемгі мереке қарсаңында мені осы іс-шараға шақырып, облыс әкімі 8-наурызбен марапаттады. Мен өте қуаныштымын, ризамын. Барлық әйелдерді көктем мерекесімен құттықтаймын!Көктемгі көңіл-күй тілеймін.
РКС: Әйел ана, әйел батыр, әйел жар. Бұл тізбекті жіптегі моншақтай жалғай беруге болады. Қазір нәзік жандылар қауымы еңбек етпейтін сала жоқ. Кең жауырынды, жұмыр білекті ерлермен иық тірестірген азаматшалар мақтау, марапаттың барлығына лайық. Бүгінгі шарада солардың бірсыпырасы құрмет-қошеметке бөленді. Айжан Мәженованың осы серіктестікте еңбек етіп жатқанына 13 жылдың жүзі болған.
СНХ: АЙЖАН МӘЖЕНОВА, «ЕНКИ» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ЖҰМЫСШЫСЫ: Бүгін керемет күн. Мен "ЕНКИ" жеке серіктестігінің өкілімін.Бұл ұйымда мен 13 жыл жұмыс істеймін. Тамаша ұйым. Бізде жақсы ұжым бар. Біз бәріне белгілі кірпіштерді шығарамыз. Мені осында шақырғаныүшін ризамын. Керемет мереке. Облыс Әкімі бізге мақтау қағаздарын табыс етті. Не айтамын? Барлығына назар аударғаныңыз үшін көп рахмет. Барлық әйелдерді осы мерекемен құттықтаймын!
РКС: Нәзік жандыларға арналып концерт те қойылды. Әншілердің орындауындағы әсем ән жүрекке жетті, көңіл-күйді көтерді. Көңілге қуаныш, жүздеріне нұр сыйлаған әсем кештен бәрі де көңілді тарқасты.
ИНТЕРШУМ:
НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ