ДИКТОР: Мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, ана мен баланы қорғау. «Ғаламдық гендерлік алшақтық» атты дүниежүзілік экономикалық форумдағы баяндамаға сәйкес Қазақстан әлемдегі 146 елдің ішінде 62-ші орында. Ақмола облысында бұл бағытта отбасылық және гендерлік саясат табысты жүзеге асырылуда.
РКС: Еліміз бойынша биліктің атқарушы, уәкілетті және сот органдарындағы әйелдердің үлесі 30 процентке тең. Ақмола облысында 400-ден астам нәзік жанды басшылық қызметте. Облыстық әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның жауапты мемлекеттік органдармен, бизнес-қауымдастықпен, заматтық сектормен өзара бірлескен іс-қимылының тиімділігі гендерлік теңдік пен отбасының, әйелдердің мүддесін алға жылжыту мәселесінде біршама табысқа жетуге мүмкіндік беріп отыр.
СНХ: САБЫРХАН КЕНЖЕБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Облысымыздағы отбасылық және гендерлік саясат бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде. Негізінен бұл бағытқа біз үлкен көңіл бөлеміз. Отбасылық құндлықтарды және отбасы саясатын дамытуға немесе бұл бағытты қолдауға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бізбен белгіленген. Сол мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде үкіметтік емес ұйымдар бұл шараға қатысып, қоғамда жұмыс атқарады.
РКС: Ақмола облысында әйелдер шағын және орта кәсіпкерлік саласында көш бастап тұр. Жеке кәсіпкерліктің 50 мың субьектісі тіркелген, соның тең жартысын нәзік жандылар басқарады. Биыл мемлекеттік тапсырыс аясында отбасылық және гендерлік саясатты жүзеге асыруға 8 миллион теңге бөлінді. Былтыр аймақта отбасылық саясатты қолдауға бағытталған 40-тан астам іс-шара өткізілген. Оған 3 мыңдай адам қатыстырылды.
СНХ: САБЫРХАН КЕНЖЕБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Отан отбасыдан басталады дейді ғой. Отбасы шағын мемлекет. Ер адам президент болса, анасы премьер дегендей. Сол отбасылық құндылықтарға біздің елде түрлі шаралар бар. Оның бірі «»Мерейлі отбасы» республикалық конкурсы. Ол біздің елімізде 10 жылдан бері жүргізіліп келеді. Бұған қатысатын үлгілі отбасылар көп. Былтыр бұл конкурсқа 93 отбасы қатысты. Статистикаға сүйенсек, былтыр 3900-ға жуық отбасы тіркелген.
РКС:Биыл отбасы құндылықтарын насихаттау, көпбалалы отбасы мен аналарды қолдауға бағытталған 14 іс-шара өткізу жоспарланып отыр.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.