ДИКТОР: Атбасарда көктемгі су тасқынының алдын алуға бағытталған республикалық «Көктем-2025» командалық-тактикалық оқу-жаттығулары өтті. Оқу-жаттығу барысында Жабай өзенінің қауіпті аймағында орналасқан 90 үйдің тұрғындарын хабардар ету және эвакуациялау жүргізілді. Тілшіміз Евгений Варанкин баяндайды.

РКС: Шараға 50 арнайы техника жұмылдырылды. Оқу-жаттығу барысында қапшықтарды инертті материалдармен толтырып, мұзды судан адамды құтқару және өзеніндегі мұзды жару жұмыстары өткізілді.

СНХ: ЕРСАЙЫН ҚОЙШЫБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: Атбасар қаласында жыл сайын су тасқыны болады. Сондықтан осы өңірде оқужаттығу жиындары өткізіліп жатыр. Осында көктемгі су тасқынына қарсы жұмыстарға тартылатын күштер мен құралдар шоғырланған. Ақмола облысының барлық аумағында тексеру мақсатында дабыл-хабарлама құрылғылары іске қосылады.

РКС: Республикалық оқу-жаттығу жиынына Атбасар қаласының бас алаңында 56 арнайы техника мен төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамынан 100 адам жұмылдырылды. Оның ішінде көктемгі кезеңде тәулік бойы кезекшілік ететін 4 арнайы жасақ жасақталған.

СНХ: БЕГАХМЕТ МАХМЕТОВ, АТБАСАР АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бүгінде Атбасар қаласынан 125 мың текше метр қар шығарылды. 6 мың 900 метр арық тазартылды. 30 мың қап сатып алдық. Оның ішінде 4 мың қап құмға толтырылды. Су тасқыны бола қалған жағдайда осы қаптармен қоршаймыз. 13 ақпаннан бастап Жабай өзенінің түбін тереңдету және кеңейту жұмыстары жүргізілуде. Оған 36 техника жұмылдырылды. Қала маңында Даринов, Романов және Сейфуллин су өткізетін құрылыстары бар. Дариновтан секундына 10 текше метр су өтеді.

РКС: Атбасар қаласында және жақын маңдағы ауылдарда барлығы 70-тен астам су өткізу құрылысы бар. Жақсы ауданы тарапынан ағып жатқан еріген сулардың өтуін қамтамасыз ету үшін Екатеринбург-Астана республикалық маңызы бар автожолында орналасқан құрылыстарды да тазарту жұмыстары жүргізілуде.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.