ДИКТОР: Ана – адамзат баласының дүниеге келуіне себепкер болатын аяулы жан. Ана дегенде жүрегі жылымайтын адам жоқ. Бауыр еті баласы үшін сұлулығын, денсаулығын, жан тыныштығын құрбан етуге дайын аналарды қалай құрметтесек те, артық емес. Халықаралық аналар мейрамы қарсаңында өңірдегі көпбалалы ақ жаулықтылар туралы айтпай кету тіптен мүмкін емес. Көпбалалы аналармен сұхбаттасып келген тілшіміз баяндайды.

РКС: Былтыр Ақмола облысы бойынша 51 ана «Алтын алқа», 212 ақ жаулықты «Күміс алқаә төсбелгілерінің иегері атанған. Биыл "Алтын алқа", "Күміс алқамен" наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай – ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған 4 мыңға жуық көп балалы анаға 61 512 мың теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі. Әке отбасының арқа сүйер тірегі болса, ана – шаңырақтың берекесі. Шаңырақтың іргесін берік етіп, ішін мейірім мен махаббатқа толтыру – ата-ананың қолында. Баланың да, жарының да көңілін тауып отырған, аналар отағасымен бірге ұрпағымыздың ортасында солардың қызығын тамашалау да бір бақыт дейді. Көкшетау қаласының тұрғыны, «Күміс алқа» төсбелгісінің иегері Айгүл Қойшинаның өзі де көпбалалы отбасында дүниеге келген. Ал жұбайы Әділ Қойшиннің де 8 бауыры бар. Екеуінің шағырақ құрғандарына 24 жыл.

СНХ: АЙГҮЛ ҚОЙШИНА, КҮМІС АЛҚА ИЕГЕРІ: Үйде отырып жұмыс жасаймын. Мамандығым – бухгалтер. Көпбалалы анамын, сонымен бірге жұмыспен баланың тәрбиесін қатар алып жүрмін. Үлкен балам 22 де. Аты Әлижан.Ол балам Ш.Уәлиханов университетін бітірді. Қазір Хюндай центр Көкшетауда жұмыс істеп жатыр. Екінші балам Мансұр. Кішкентайынан роботехникамен айналысып, қазір мехотроникада жоғары колледжде оқып жатыр.Екі ұлым,төрт қызым бар аллаға шүкір, алла берген. Үлкен қызым-Айару. Ол қызым суретші. Жуырда Америкадағы конкурстарға қатысып 1 орын алып келді. Екінші қызым гимнастка. Спортпен айналысады. 2-сыныпта оқиды. Екі қызым балабақшаға барады. Біреуі бесте, біреуі екіде. Жолдасым жеке кәсіпкер.

РКС: Тағы бір көпбалалы ананың жасы 37-де. Әйгерім Оразалинаның шаңырағы шаттыққа толған. Балалары ес біліп қалған. Үлкендері анасына қолқанат. Ата-әжелерінің көз қуанышы, мақтанышы. Асықтай 5 ұлының қамын ойлап тәрбиесіне көп көңіл бөледі. Әке үйдің ырысы болса, ана оның жаратушысы. Бала көптік етпейді, әр баланың өз несібесі болады-дейді кейіпкеріміз. Әйгерім өзі де көпбалалы отбасынан шыққан, 7 баланың соңғысы.Анасы «Алтын алқа» төсбелгісінің иегері.

СНХ: ӘЙГЕРІМ ОРАЗАЛИНА, КӨПБАЛАЛЫ АНА: Алланың берген 5 ұлы бар. Үлкенім 18 жаста. Студент 1-курс. Кішкентайымыз міне 3 жаста.Өзімнің негізгі мамандығым-мұғалім. Бірақ өз мамандығым бойынша жұмыс істемеймін, қазір үйде балаларды бағып отырмын. Жолдасым жеке кәсіпкер. Екінші ұлым алла жазса биыл 11-сыныпты бітіреді. 3-мектепте оқиды. Үшінші балам,2-сыныпта, төртінші балам-1 сыныпта оқиды. Мынау балам үйде екеуіміз.Ал мынау Мейірбек деген балам, балабақшадан бері бестемше деген ойынды жақсы ойнайды.Тоғызқұмалақ, бестемше. Өздері шахмат ойнағанды ұнатады, екеуі. Үйде отырып бірге ойнайды, сурет салғанды ұнатады. Қазіргі кезде көп аналар көпбалалы отбасы болудан қашады. Негізі оның ешқандай қиындығы жоқ.Әр баланың өз несібесі бар.Әр бала өз несібесімен келеді дейді.Осы балалар біздің бақытымыз.

РКС: Отан отбасынан басталады. Отбасылық құндылықтарды жалғастыруда атаулы мейрамның алар орны ерекше. Әйгерім Оразалина кешегі әжелердің ізін абыроймен жалғап келеді. "Босағасын алтыннан соқсаң дағы, перзент сүймей адамның мейірі қанбас" -деп, Шал ақынның шалқыта айтуы да осыдан шығар. Ал, перзент үшін ана әрқашан да қадірлі, мейірімнің мәйегі екені белгілі. Алтын құрсақты ана Әйгерімнің енесі бізге батасын беріп шығарып салды.

ИНТЕРШУМ:

НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ