ДИКТОР: Көктемнің шырайлы, әлемге нәзіктік пен сұлулық шашқан ерекше мерекесі 8 Наурыз - халықаралық әйелдер күніне арналған «Алтыннан қымбат анама» атты балалар концерті өтті.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Концерттік бағдарламада «Көкшетау» мәдениет сарайының шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті. Эстрадалық вокал студиялары, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары, «Көкшетау», «Он алты қыз», «Полянка» халықтық би ансамбльдері көрерменге ән мен биден шашу шашты.
СНХ: ЛАУРА КӘРІМЖАНОВА, "ОН АЛТЫ ҚЫЗ" ХАЛЫҚТЫҚ БИ АНСАБЛІНІҢ МҮШЕСІ: Биыл біздің ансамбль 25 жылдық мерейтой концертін өткізеді. Барша әйелдер қауымына мен баянды бақыт, зор денсаулық тілеймін. Әр күндері махаббат пен жылулыққа толы болсын.
РКС: Шырқалған әннің бәрі асыл ана, адал жар, аяулы қыздар тақырыбына арналды. Концерттік бағдарламаны тамашалауға келгендердің арасында өнер көрсеткен бүлдіршіндердің ата-аналары да бар.
СНХ: ЫРЫСАЛДЫ ШӘМШИЕВА, КӨРЕРМЕН: Бүгін "Көкшетау" мәдениет сарайында "Алтыннан қымбат анама" атты концерттік бағдарлама өтіп жатыр. Бұны ұйымдастырып жатқан ұйымдастырушыларға, біздің өзіміздің кішкентай балапандарымызға көптен көп рахмет. Келе жатқан 8-наурыз мерекесімен барша әйелдер қауымын құттықтаймын. Барлығына әйел бақытын тілеймін. Көктемдей құлпырып жаздай жайнап жүре берсін.Барша әйелдер қауымы бақытты болсын.
РКС: Мерекелік концерт жоғары деңгейде өтті. «Көкшетау» мәдениет сарайының шығармашылық ұжымдары көрерменін алдағы уақытта да түрлі өнерімен қуантпақ.
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ