ДИКТОР: Көкшетауда 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында «Бұрымды қыз» республикалық байқауы өтті. Оған біздің аймақтан бөлек Астана қаласынан, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Атырау, Түркістан облыстарынан 16 мен 25 жас аралығындағы ақылына көркі сай, қолаң шашты 10 ару қатысты. Бұл байқауға Тілшіміз Жанар Мұқышева жалғастырады.
РКС: Байқау төрт кезеңді қамтыды. Арулар өзін-өзі таныстыру, өнер сайысы, салт-дәстүрлерге қатысты сұрақ-жауап, ұлттық нақыштағы сән үлгісін көрсету бойынша сынға түсті. Қатысушылардың дайындаған шығармашылық нөмірі де әртүрлі. Бірі әсем дауысымен ерекшеленсе, енді бірі мың бұралған биімен көрермендерді баурап алды.
ИНТЕРШУМ:
СНХ:ТОҚТАРБЕК ҚАЛДЫРБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ХАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ МӘДЕНИ ДЕМАЛЫС ОРТАЛЫҒЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ: Негізінен жылма-жыл өткізіліп келе жатыр. Облыстық, аймақтық деңгейде өткіздік. Ал биыл бірінші рет республикалық деңгейде Бұл байқау өзіміздің қазақтың ұлттық құндылықтарын дәріптеу, қазақ қызы қандай болады деген сұраққа жауап десе болады. Қазақ халқы шашты ерекше құрметтеген, кие санаған. Сол себепті кейінгі ұрпақты бұрымды қыздарымыздың саны көбейсе деген ниетпен осындай байқауды ұйымдастырып жатырмыз.
РКС: Батыс Қазақстан облысының үмітін үкілеп келген Айша Қамиттың жасы 16-да. Мұндай байқауға бірінші рет қатысып, «Бұрымды қыз» байқауының бас жүлдесін иеленді.
СНХ:АЙША ҚАМИТ, «БҰРЫМДЫ ҚЫЗ» БАС ЖҮЛДЕСІНІҢ ИЕГЕРІ: Осы «Бұрымды қыз» байқауы әр адамға, қоғамға үлкен маңызы зор бір байқаудың бірі десек болады. Ұлттық рухқа үлкен қолдау береді. Ұмытылып бара жатқан сал-дәстүрлерімізді қайта еске алу мақсатында жасалып жатқан шара ғой. Осының барлығын біз есімізге алып, ұлтымызда осындай бұрымды қыздардың көбейіп жатқанына қуануымыз керек деп ойлаймын. Бұл байқау қазақтың әр мейрамдарында ұйымдастырылу керек деп ойлаймын. Барша әйелдер қауымын 8-Наурыз мейрамымен құттықтаймын!
РКС: Ал Ақмола облысының намысын қорғаған үш арудың екеуі «Өнерлі қыз», «Инабатты қыз» номинациялары бойынша жеңімпаз атанды. Ақтоты Әбдірахман мамандығы бойынша дирижер. Осындай шараларға бірнеше мәрте қатысқан. Жуырда «Қазақ аруы-2025» байқауына қатысып, бас жүлдені еншілеген.
СНХ:АҚТОТЫ ӘБДІРАХМАН, «ӨНЕРЛІ ҚЫЗ» НОМИНАЦИЯСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ: Қазақстанда осындай қазақи байқаулар жасауға оң жақпен қараймын. Мұндай байқаулар қыздарға тәрбие береді, өнеге, ертеңгі біздің қыз-келіншектерімізге осындай байқаулармен үлкен тәрбие көрсетеміз. Сондықтан осындай байқаулар көп болсын! Осындай байқауларды барлығымыз қолдап жүрейік!
РКС: Сондай-ақ «Дарынды қыз» номинациясын астаналық Айым Имашева иеленсе, «Көрікті қыз» номинациясына Жамбыл облысынан келген «Жамбыл» телеарнасының қызметкері, әріптесіміз Нұршахризада Сәлімова лайық деп танылды. Барлық жеңімпаздар мен қатысушылар дипломдармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ