ДИКТОР: Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов жұмыс сапары аясында көкшетаулықтармен кездесу өткізді. Оның барысында көтерілген басты тақырып - жылу электр станциясының құрылысы.

РКС: Вице-министр Сұңғат Есімханов өңірдегі энергетика саласының қазіргі жағдайын баяндады. Өңірде электр энергиясын өндіру көлемі шамамен 9 млрд. киловатт. Ал тұтыну көлемі 2 есе көп. Қаланың тұрақты дамуы мен тұрғын-үй, әлеуметтік нысандар, сондай-ақ, ғимараттардың қарқынды құрылысын ескерсек, аудандық қазандықтардың қолданыстағы жылу қуаты жеткіліксіз. Сол себепті қалаға жылу электр станциясы қажет.

СНХ: СҰҢҒАТ ЕСІМХАНОВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА ВИЦЕ-МИНИСТРІ: Қаланың әрбір тұрғыны Көкшетауда жылу электр станциясының құрылысына қатысты қызығушылық танытады. Біз бұл идеяны көмір станциясын салудан бастағанымыз анық. Өкінішке қарай, процесс қиын болды. Министрлік әкімдікпен бірлесіп 2 рет тендер өткізді, ешкім қатысқан жоқ. Көмір станциясын салғысы және қаржыландырғысы келетін инвесторлар табылмады. Сондықтан, Ресей Федерациясымен келісім жасалды. Бірақ тапсырыс беруші Самұрық-Энерго болады. Сол себепті станция толық соған тиесілі. Яғни, қазақстандық станция болады.

РКС: Техникалық-экономикалық негіздемеге түзетулер енгізіліп, жобалау жұмыстары басталды. «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамы оны биыл аяқтауды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта министрлік облыс әкімдігімен бірлесе жер мәселесі мен техникалық шарттарға қатысты сұрақтарды талқылау үстінде. Кездесу барысында белсенді тұрғындар алаңдатқан сұрақтарын ортаға салды.

СНХ:МИХАИЛ ЦИЦВЕРО, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Басты мәселе - құрылыстың техникалық-экономикалық негіздемесінен бастап, жылу электр орталығын салуға дейінгі нақты айту. Екіншісі - жылу электр орталығының құрылысы, сондай-ақ жылумен жабдықтау жүйелерінің күрделі жөндеуден өткізу. Өңір тұрғындарын толғандырып жүрген түйткілді мәселелердің бірі - орталықтандырылған газ жүйесін қалпына келтіру.

РКС: Былтыр Көкшетаудағы жылу көздеріндегі күл үйіндісінің бөгетіне жөндеу жұмыстарына және қайта жөндеуге шамамен 3 млрд. теңге бөлінді. Биыл республикалық бюджет есебінен 2 жоба жүзеге асырылмақ. Олар Атбасар қаласының орталық қазандығы мен жылу желілерін қайта жаңарту. Сондай-ақ, өңірді толық газбен қамтамасыз ету үшін Министрлік «Сарыарқа» магистральдық газ құбырының 2-ші, 3-ші кезеңінің құрылысын қарастырып жатыр.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ