ДИКТОР: Елімізде нәзік жанды жүргізушілерге сұраныс артып келеді. Такси тізгіндеген бұрымдылар мұның бірнеше себебі бар дейді. Олардың қызметіне көбінесе әйелдер қауымы мен балалар жүгінеді. Әріптесіміз Тоғжан Байменова жолаушылар тасымалын табыс көзіне айналдырған келіншекпен танысып қайтты.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Назгүл Сәбитова 20 жылға жуық көлік тізгіндеп жүр. Алғашында қызық үшін басталған бұл қызметті, қазірге кезде табыс көзіне айналдырып отыр. Жұмыс уақытын өзіне өзі белгілейді. Жалғызбасты ана үйдегі шаруа мен бала тәрбиесін бірге алып жүруге тырысады.

СНХ: НАЗГҮЛ СӘБИТОВА, ТАКСИ ЖҮРГІЗУШІСІ: Бас кезінде баламен бірге жолға шығатынмын. Кейін балам өсіп, садикке бергеннен кейін өзім жалғыз шыға бастадым. Басында Көкшетау-Астана бағытында таксовать ететінмін. Сол кезде әйел адаммен бармаймыз деп түсіп кетіп қалатын. Сосын уақыт өте келе, адамдарда сенім пайда болып, постоянный клиентер пайда болды. Қазіргі кезде қаланың ішінде қызмет етемін. Қалада таксист қыздар көп. Қазір бізге деген көзқарас та өзгерді.

РСК: Кейіпкеріміздің жоғары білімі туралы бірнеше дипломы бар, осыған дейін түрлі салада өзін сынап көргенімен, жалақысы мардымсыз болған. 18 жыл ішінде түрлі келеңісіз, тіпті, қауіпті жағдайларға да кезіккен сәттер аз болған жоқ,-дейді. Қазір көліктің барлық бөлшегін жатқа біледі. Кей сәттерде көлігі бұзылып қалса өзі жөндеп ала беретін көрінеді.

СНХ: НАЗГҮЛ СӘБИТОВА, ТАКСИ ЖҮРГІЗУШІСІ: Қазіргі кезде таксида жұмыс жасау қауіпсіз, заман дамыған, бүкілі телефонмен көрінеді. Кімді алды, қайда, қай жерге апарғаны. Бірақ, болады енді. Көбінесе жас жігіттер жағынан, ақша төлемей қашып кеткен жағдайлар.

РСК: Статистика бойынша әйел адам табиғатынан ер азаматтарға қарағанда қауіпсіздікке көбірек мән береді. Әйелдің табиғатында тәуекелге, азартқа көп беріле бермейді. Сондықтан әйелдер кез келген жағдайда сақтықты бірінші жолға қояды.

СНХ: ӘДІЛХАН МҰРАТ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ БАТАЛЬОНЫНЫҢ ҚЫЗМЕТ ИНСПЕКТОРЫ: Қазіргі таңда жүргізуші әйел адамдардың саны жыл санап артуда. Әйел адамдарда жолда жүрген кезде, жол ережелерін сақтап, жол-көлік оқиғасына түспеуге тырысады. Осы сәтті пайдалана отыра, Көкшетау қаласы поиция басқармасының атынан барша әйелдер қауымын келе жатқан 8-наурыз халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Және де жолда абай болыңыздар.

РКС: Қазір еліміз бойынша қанша нәзік жандының такси қызметінде жүргені белгісіз. Ол туралы арнайы статистика жүргізілмейді. Белгілісі соңғы деректер бойынша өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны 1 миллион 200 мыңның шамасында. Соның тең жартысы – әйелдер.

ТОҒЖАН БАЙМЕНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ