ДИКТОР: Көкшетау қаласындағы №18 мектептің 9-сынып оқушысы Арнұр Арон Түркістан қаласында Сидней олимпиадасының чемпионы марқұм Бекзат Саттархановтың 45 жылдығына арналған халықаралық турнирде 70 келі салмақта сынға түсіп, жеңімпаз атанды. Сондай-ақ жерлесіміз, «Үздік боксшы» номинациясына ие болды.
РКС: Бірнеше жақын шет елдің 2009-2010 жылдары туған жасөспірім боксшылары қолғап түйістірген турнирдің мәртебесі жоғары болды. Осынау жауапты жарысқа жан-жақты дайындықпен барған Арнұр Арон әр кездесуінде жасындай жарқырап қарсыластарына дес бермеді.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: АРНҰР АРОН, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ: Менің бапкерім Сахи Дастан Амантайұлы . Бекзат Саттарханов атындағы турнирге көптеген боксшылар жиналды. Мен 4 кездесу өткіздім. Соңғысы Түркістан облысының өкілі болды. Ол жоғары деңгейдегі боксшы деп айта аламын. Төрешілер бір ауыздан мені чемпион деп қолымды көтерді. Алда Степногрск қаласында республикалық жарыс болады, соған дайындаламын.
СТЕНДАП: ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, РЕДАКТОР: 15 жасар Арон, солақай боксшы. Ол қолымен де аяғымен де жылдам жұмыс істейді.
СНХ: ДАСТАН САХИ, БАПКЕР: Арнұр Арон боксқа 14 жасында келді. Қолғап кигенінен көп болған жоқ. Марқұм Бекзат Саттарханов бес жылдың ішінде олимпиада чемпионы атанған. Бұл бала еңбекқор. Соның арқасында турнир чемпионы және «Үздік боксшы» атағына ие болды.
РКС: Көкшетау қаласындағы №18 мектептің 9-сынып оқушысы Арнұр Арон жаттығуды бір сәтке де босатпайды. Сабақ үлгерімі де жақсы. Бұл жас боксшының алдағы жарқын жеңістерінің бастау бұлағы деу керек.
ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ