ДИКТОР: Біржан сал ауданында барлығы 13 гидротехникалық құрылғы бар, олар Есіл бассейн инспекциясында тіркелген. Макинка ауылындағы нөмірі 1, 2, 3 бөгеттер су тасқыны қауіпті аумаққа жатады. Жыл сайын инспекция қызметкерлері визуалды тексерулер жүргізеді. Нәтижесінде құрылғылардың жағдайы қанағаттанарлық деп танылған.

РКС: Өткен жылы Құдабас ауылында еріген судың көп келуінен бөгет бұзылған. Гидротехникалық құрылғы қалпына келтірілген. Бірақ жол төсемінің астынан су өткізгіш құбырлар орнатылмаған.

СНХ: ЕСДӘУЛЕТ ҚАЛЕНОВ, БІРЖАН САЛ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Өткен жылы су тасқыны қаупі аз болды. Негізінде төтенше жағдай болған жоқ, Құдабас ауылында бөгетті су шайып кеткен бір жағдай тіркелді. Енді диаметрі 1500 мм болатын 2 су өткізгіш құбырды орнату жоспарлануда. Бөгет корпусын 500 текше метр көлемінде инертті материалмен қалпына келтіреміз.

РКС: Бірқатар ауылдарға су бұру арналары мен құбырларын тартуды жоспарланып отыр. Су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайларды жою үшін қажетті жабдықтар мен техниканы сатып алу көзделуде.

СНХ: ЕСДӘУЛЕТ ҚАЛЕНОВ, БІРЖАН САЛ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Биыл аз да болса қауіпі бар елді мекендер санатында Заураловка мен Макинка ауылы. Бөгеттен суды уақытында шығарамыз. Ешқандай қиындық болмауы керек.

РКС: Биыл жер асты суларының деңгейінің көтерілуіне байланысты Степняк қаласындағы жеке секторды су басу қаупі бар. Жауапты тұлғалар су мен өзен арнасын қар мен қоқыстан тазартуды жоспарлап отыр. Биыл Біржан сал ауданының 15 елді мекенінде су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша кешенді жоспар аясында 20 іс-шара жоспарланған.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.