ДИКТОР: Ауыл әкімдерінің біліктілігін арттыру – жергілікті басқаруды күшейтудің маңызды қадамы. Бұл мақсатта Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында "Әкімдер мектебі" бағдарламасын іске қосуды тапсырған болатын. Бұл бастама арқылы ауылдық аймақтарда жаңа деңгейдегі басқару мәдениеті қалыптасып, экономикалық өсімге серпін болмақ.

РКС: Қазір Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы мен «AMANAT» партиясы облыстық филиалдары бірлесе отырып, ауыл әкімдерінің білімі мен біліктілігін жетілдіруге кірісіп кетті.

СНХ: ЕРЖАН ЖАРОВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Бұл біздің облыс үшін өте өзекті, себебі Ақмола облысында ауылдық округтер мен елді мекендер өзге өңірлерге қарағанда әлдеқайда көп. Қазір аймақта 200-ден астам ауыл әкімі жұмыс істейді. Солардың басым бөлігі қазір біздің мемлекеттік басқару академиясының филиалында білімдерін толықтыруда.

РКС: Жоба аясында әкімдер жергілікті бюджетті тиімді басқару, мемлекеттік сатып алулар мен салық салу, экология және қоршаған ортаны қорғау, ауыл кәсіпкерлігін дамыту, мемлекеттік басқарудағы цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект құралдарын қолдану сияқты негізгі бағыттар бойынша білімдерін жетілдіреді.

СНХ: ЕРТУҒАН БАЙШОЛАНОВ, «АМАНАТ» ПАРТИЯСЫ «САЯСИ МЕНЕДЖМЕНТ АКАДЕМИЯСЫ» ЖЕКЕ МЕКЕМЕСІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ: Енді жеке бұл жоба туралы тоқталатын болсақ, «ауыл әкімдері бұл жобадан не алады? Не үйреніп шығады?». Бірінші кезеңде, скрининг деп жатамыз, ауылдың маркетингтік нақты, ауылдың тыныс-тіршілігін зерттеп, оның ішінде жанағы айтып отырған жеке қосалқы шаруашылықтардың тыныс-тіршілігіне байланыст мына өсімдік және мал шаруашылығына екі бағытты басымдылыққа алып жатырмыз.

РКС: Оқыту бағдарламасы 17 оқу модулінен тұрады. Және ол 240 академиялық сағатты қамтиды, оның 120 сағаты ауылдық округтердің скринингін жүргізу мен жеке қосалқы шаруашылықтардың экономикалық әлеуетін талдауға арналады. Бұл – курстар практикалық жаттығулар, тренингтер және тәжірибелі сарапшылармен кездесулер арқылы жүзеге асырылады. Әкімдер ауыл экономикасын дамыту үшін өз жобаларын әзірлейді және оларды қорғауға міндетті. Бұл – олардың теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ауыл әкімдері маркетингтік зерттеулер, кооперация жобаларын жасау, шикізатты өңдеу мүмкіндіктері сияқты экономикалық өсу факторларын да зерттейді. Оларға ауыл тұрғындарының табысын арттыру мен салықтық базаны кеңейту бойынша нақты шешімдер ұсынылады. Әкімдер «AMANAT» партиясы лекторларының бақылауымен тұрақты түрде онлайн практикумдар мен үй тапсырмаларын орындайды.

СНХ: ҚҰРАЛАЙ ҚҰДАЙБЕРГЕНОВА, ТАРАСОВ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ (ЖАҚСЫ АУДАНЫ): Бізге өзіміздің жергілікті жерімізді одан әрмен қалай дамыту керек, қандай жобалар қолға алу керек осы туралы бізді оқытып жатыр. Қазіргі таңда халық тарапынан сенімсіздік болғаннан кейін, олардың сенімсіздігін басып, олардың әрі қарай жарқын өмір сүруіне көз жеткізу үшін осындай жобалар бастау алып жатыр. Менің ауылымда қазіргі таңда жолымыз, жарығымыз, суымыз бәрі бар, енді тек қана халықтың мәселесін шешіп, ауылды одан әрі дамыту біздің қолымызда. Осының бәрін қазір үйреніп жатырмыз. Керемет бастама.Әрі қарай осындай бастамалар көп болсын, еліміз-жеріміз үшін еңбек етуге дайынбыз.

РКС: Бұл бастама арқылы ауылдық аймақтарда жаңа деңгейдегі басқару мәдениеті қалыптасып, экономикалық өсімге серпін берілері сөзсіз. Сонымен бірге көптеген ауыл тұрғыны үшін бұл бағдарлама сапалы басқару мен тұрақты дамудың кепілі болмақ.

ТОҒЖАН БАЙМЕНОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ