ДИКТОР:Күллі мұсылман қауым асыға күтетін қасиетті Рамазан айы 1 наурызда басталады. Ораза тұту 29 күнге созылмақ. Қадір түні 26 наурыздан 27-сіне қараған түнге сәйкес келіп отыр. Ал,ораза айт 30 наурызға белгіленген. Бұл туралы Науан Хазірет мешітінің бас имамы Қуаныш Сәбит мәлімдеді.

РКС: Қасиетті айлардың бірі әрі бірегейі – Рамазан айы. Оның ерекшелігі сол – мұсылман қауымы бір ай бойы ораза ұстайды. Рамазан – мейірімділіктің, қайырымдылықтың, сабырлық пен кешірімділіктің, адамның өз-өзіне есеп беріп, өз-өзін тәрбиелейтін айы. Рамазан – айлардың сұлтаны, күнәлардың кешірілетін, мың айдан да қайырлысы.

СНХ: ҚУАНЫШ ҚАЖЫ ЖҰМАБАЙҰЛЫ, НАУАН ХАЗІРЕТ МЕШІТІНІҢ БАС ИМАМЫ: Биылғы жылы қасиетті Рамазан айы 29 күнге созылады. Осы қасиетті рамазан айында берілетін пітір садақаның мөлшері де белгіленді. Биылғы жылы пітір садақаның көлемі 655 теңгені құрайды. Яғни бір адамға 655 теңге пітір садақаның көлемі бекітілді. Және де мына Рамазан айында ұстайтын оразамыздың да кестесі әзірленді. Бұл кестені барлық мешіттерден немесе мына пдф форматта muftiat kz сайтынан алатын боласыздар.

РКС: Сонымен қатар, фидия садақасының мөлшері де бекітілді. Фидия садақасы қасиетті Рамазан айында денсаулығына байланысты ораза ұстай алмайтын адамдардың беретін садақа мөлшері-3520 теңге. Ал осы мөлшерде фидия садақасын бере алмаған жағдайда күніне пітір садақаның мөлшерін беруге болады. Қазақстан Мұсылмандар Діни басқармасының қасиетті айда көптеген қайырымдылық шараларын өткізуді ұйғарып отыр.

СНХ: ҚУАНЫШ СӘБИТ, ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ ДІНИ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША УӘКІЛЕТТІ ӨКІЛІ: Кәсіпкерлерді әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағаларына жеңілдік жасауға үндейміз. Рамазан айына тура келген Құдай астарды ауызашар уақытында өткізіп, көбірек сауап алуға тырысайық. Қоғамдық тамақтану орындарында ауызашар мәзірін халыққа ыңғайлы бағамен ұсыну да сауапты істердің бірі.Бұл айда тек табысқа кеңелуге емес, ең бастысы Алла Тағаланың ризалығы мен халықтың алғысын алуға асыққан абзал.

РКС: Рамазан айында Ақмола облысы бойынша да игі шаралар атқарылмақ. Көкшетау қаласының мешіттерінде ауызашар ұйымдастырылады. Бұл жылда жасалатын үрдіс. Науан Хазірет мешітінде 250 адамға, Жақия қажы мешітінде 120, ал Ғалым мешітінде 100 адамға күн сайын ауызашар беріледі. Қадір түні наурыздың 26-сынан 27-сіне қарағанда түніне тұспа-тұс келіп отыр. 30 наурыз Ораза айт мерекесі. Ал Құрбан айт маусымның 6-сы мен 8-і аралығына түсіп тұр.

САБИНА ЖАМШИТОВА, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ