ДИКТОР: Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының облыстық филалында мемлекеттік қызметшілер арасында «Тәртіпті өзіңнен баста!» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы байқау өтті. Іс-шара сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы кәсіби дағдылар мен білімді жетілдіру мақсатында ұйымдастырылды. Сондай-ақ мемлекеттік органдар жұмысында адалдық пен ашықтықтың жоғары стандарттарын қалыптастыру.
РКС: Байқауға қатысушылар бірнеше кезеңнен өтті. Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы білу, практикалық істерді шешу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамалар мен мемлекеттік процестерді жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу және ұсыну.
СНХ: САҒЫНЫШ АЯҒАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: Жемкорлыққа қарсы іс-қимыл – бұл мемлекеттің, немесе жекелеген органдардың міндеті ғана емес, бұл әрбір мемлекеттік қызметшінің жауапкершілігі. Бірлескен күш-жігермен ғана біз азаматтардың сеніміне негізделген ашық және әділ жүйені құра аламыз.
СНХ: ЕСЕНГЕЛДІ ҒАЛЫМ, ЕСІЛ АУДАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ: Бүгінгі талқылап жатқан тақырыбымыз сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар. Бүгін конкурстық және ашық сабақ ретінде өтіп жатқан сабағымызда мен бірінші топта қатысып жатырмын. Біздің топтың атауы "Сенім". Сенім деп атаған себебіміз әділдіктің бастауы сенімнен басталады. Бүгінгі өтіп жатқан сабағымызда бізде көбіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы қалай күресу шаралары туралы мәліметтер игереміз деп ойлаймын. Және Қазақстан бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске қатысамыз.
РКС: Жиын барысында мемлекеттік қызметшілер өздерінің белсенді азаматтық ұстанымдарын, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алудың инновациялық әдістерін енгізуде жақсы дайындықтарын көрсетті. Үздік практикалық шешімдері мен идеялары үшін мемлекеттік қызметшілерге сыйлықтар да табыс етілді.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.