ДИКТОР: Орталық және облыстық сайлау комиссияларының мүшелері Шортанды ауданына қарасты Научный кентінде көшпелі оқыту семинарын өткізді. Күн тәртібінде наурыздың 30-на белгіленген мәслихаттар депутаттарының сайлауына дайындық және оны өткізу мәселелері қаралды.
РКС: Оқыту семинарының алдында Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров жергілікті жастармен және сайлау комиссияларының мүшелерімен кездесті. Оның барысында 2023 жылдан бастап қазақстандықтар облыстық маңызы бар қалалар мен аудандардың әкімдерін сайлайтыны айтылды. Сондай-ақ, төраға 18 жасқа толған және елдің сотталмаған әрбір азаматының дауыс беруге құқығы бар екенін атап өтті. Өзге елдерде сайлауға қатысу міндетті. Ал Қазақстанда әр азаматқа таңдау құқығы берілген.
СНХ: КҮНСҰЛУ МАЛЫБАЙ, СТЕПНОЕ АУЫЛЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕПТІҢ ОҚУШЫСЫ: Еліміздегі сайлау жүйесінің ерекшеліктері, оның ашықтығы мен әділдігі туралы жан-жақты ақпарат берді. Біз өзіміз қызықтырған сұрақтарымызды қойып, нақты жауап алдық. Және менің қойған сұрағым «Сайлауда қалай байқаушы болуға болады?» деген сұрақ болған. Осындай кездесулер жастарға мотивация беріп, біздің өз мүмкіндіктеріміз бен құқықтарымызды нақты дәлірек тануға мүмкіндік ашады.
РКС: Кейін Қосшы қаласы мен Шортанды ауданының округтік, учаскелік және сайлау комиссияларының мүшелері үшін 5 кейс тапсырманы қамтитын практикалық семинар өткізілді. Қатысушылар сайлау процесінің негізгі аспектілерімен танысып, Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы заңнамаға қатысты білімін тексеруге қатысты тестілеуден өтті.
СНХ: ӘСИЯ КҮШТАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ: Біздің комиссия мүшелері сайлау күні немесе сайлауды өткізуге дайындық кезеңінде кездестіретін мәселелер. Кейс тапсырмалары өте көп. Комиссия мүшелерімен әр жағдайды талқылайтын боламыз. Оқыту каскадты әдіспен өтеді. Орталық сайлау комиссия өкілдері бір кездері бізді оқытты. Енді бізден кейінгі комиссияларды каскадты әдіспен біз оқытамыз.
СНХ: САЯГҮЛ ӘМІРОВА, №712 УЧАСКЕЛІК САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ: Менің ойымша, біз үшін өте маңызды, пайдалы әрі мазмұнды семинар болды. Бұл алдағы уақытта осы бағыттағы біздің жұмысымызға көп септігін тигізеді. Мен соңғы екі жыл сайлау комиссиясының мүшесімін. Шортанды ауданы әкімдерінің сайлауына, былтырғы референдумға да қатыстым.
РКС: Келесі айда Қосшы қаласы мен Шортанды ауданы сайлау комиссияларының мүшелері мәслихат депутаттарының сайлауын өткізеді. Бұл семинар оларға процестің сәтті өтуі үшін білімдерін нығайтуға мүмкіндік берді.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕН, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ