ДИКТОР:Өткен жылы Қосшы қаласының негізгі капиталына құйылған бюджеттік және жеке инвестиция көлемі 45,2 млрд теңгеге жетті. Оның 90 проценттен астамы тұрғын үй құрылысына жұмсалған. Қаланың әлеуметтік дамуына қатысты өзге де мәселелер брифинг барысында айтылды.

РКС:Бүгінде Қосшы қаласында ресми тіркелгендер тұрғындардың саны 120 мыңнан астам. 1200-ге жуық адамға 36 млн теңгеден астам әлеуметтік төлем төленді. Облыстық бюджет есебінен 22 азаматқа 5 млн теңгеден астам әлеуметтік қолдау көрсетілді.

СНХ: БЕРГЕН ЖҰМКЕЙ, ҚОСШЫ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: 2024 жылы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке 85 млн. теңге бөлінді. (республикалық бюджеттен 70 млн тенге, жергілікті бюджеттен 14 млн теңге). Есептік кезеңде 1097 отбасына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды, сомасы 85 млн теңгеге, 5 703 адамға берілді.

РКС:Қаладағы білім беру саласында оң динамика байқалады. Өткен жылы 1500 орындық мектеп пайдалануға берілді. Биыл 280 орындық мемлекеттік балабақша құрылысы аяқталады деп жоспарланып отыр. Денсаулық сақтау саласына да баса назар аударылуда. Қалада екі емхана жұмыс істейді. Дәрігер тапшылығы жоқ, – деп атап өтті әкімнің орынбасары. Емханаларда жоғары білімді 103 дәрігер қызмет атқарады. Денсаулық сақтау ұйымдарында 42 мыңнан астам тұрғын тіркелген.

СНХ: БЕРГЕН ЖҰМКЕЙ, ҚОСШЫ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Қалада «Viamedis» компаниясының жеке инвестициялары есебінен көпбейінді жаңа облыстық аурухананың құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Жобаның жалпы жеке инвестиция көлемі 28 млрд теңгеден асады. Оның 17 млрд теңгесі құрылыс жұмыстарына, ал 9 млрд теңгеден астамы аурухананы заманауи медициналық жабдықтармен қамтамасыз етуге жұмсалмақ. Жаңа емдеу мекемесінің базасында ауысымына 1000 адам қабылдайтын емхана, сондай-ақ хирургия, травматология, кардиохирургия, нейрохирургия, онкология және химиотерапия бөлімшелері жоспарланған.

 РКС:Халықты жұмыспен қамту жұмысы жалғасуда. Бүгінде 256 адам жұмыссыз ретінде тіркелген. Оларға қаладағы 31 кәсіпорыннан жұмыстар ұсынылуда.

АЯЖАН ТӨЛЕУ, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ