ДИКТОР: Красный Яр ауылында Кикбоксингтен дәстүрлі чемпионат өтті. Бұл 15-ші турнир кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылуының 36 жылдығына арналған. Аталған жарысқа 140-тан астам спортшы қатысты.

РКС: Жарыстың ашылу салтанатында ардагерлерге "Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл" мерейтойлық медальдары табысталды.

СНХ: ДУАНБАЙ ЫБРАЙ, АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІІНІҢ ОБЛЫСТЫҚ ОДАҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Тарихты бәрін білу керек. Сол үшін істеп жатқан жұмыстар. Бір жағынан жастарымыз біздің болашағымыз. Сондықтан олар спортпен айналысу керек. Жастарымыз мықты болса, Қазақстан еліміз мықты болады, жеріміз мықты болады.

РКС: Турнирге 7 команда қатысты. Бұл "Legion", "Banzai", "Iron Tigers", "Kyran Time", "Батыр хан" спорт клубтары және Көкшетаудан облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, сондай-ақ Щучинск қаласынан "Shidai" спорт клубы қатысты.

СНХ: МҰХАМЕД МҰРАТБЕК, ЧЕМПИОНАТ ҚАТЫСУШЫСЫ: Мен "Legion" клубының өкілімін. 45 килограмм салмақта өнер көрсетемін. Бүгін мен жартылай финалдық жекпе-жекке шығамын. Ертең менде соңғы жекпе-жек бар. Мен 3 жылдан астам уақыт кикбоксингпен айналысып келемін.

СНХ: МАКСИМ ЗЕРНОВ, ЧЕМПИОНАТ ҚАТЫСУШЫСЫ: Мен "Батырхан" клубынан келдім. Ертең финалда өнер көрсетемін. Ертең менде "Темір жолбарыстар" клубына қарсы бір жекпе-жек бар. Бір жыл көлемінде осы спортпен айналысып келемін.

РКС: Чемпионатқа әр түрлі жастағы ерлер мен әйелдер қатысты. Спортшылар бірнеше салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Жекпе-жек өте сапалы, жоғары деңгейде өтті.

СНХ: АЛЕКСАНДР ГЕРАСИМОВ , ОБЛЫСТЫҚ КИКБОКСИНГ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Бұл чемпионат жыл сайын өткізіледі. Биыл Ауғанстаннан Кеңес әскерін шығаруға, интернационалист-жауынгерлерге арналған. Олар қазір жарысты тамашалап отыр. Олар бізге жыл сайын келеді, біз оларды құрметпен қарсы аламыз. Сонымен қатар, біз есірткіге және балалар қылмысына қарсы спорттық сайыстар өткізіп тұрамыз.

РКС: Қатысушылар жекпе -жектің фулл-контакт, лоу-кик, кик-лайт және к1- сияқты дәстүрлі түрлерінде бақ сынасты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай турнирлер көптеген спорттық таланттарды ашуға және дамытуға мүмкіндік береді.

СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, ДАМИР САДЫҚОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ