ДИКТОР: Көкшетаудың іргесінде орналасқан Красный Яр көпсалалы инновациялық колледжінің «Profilive» жобасы 2021 жылы мектеп оқушыларына кәсіби бағыт-бағдар беру мақсатында қолға алынған. Енді осы елдімекендегі үш мектептің 9-шы сынып оқушылары технология пәнін колледж қабырғасында өтеді.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Бұл жоба баланың белгілі бір мамандыққа икемділігін байқауға көмектеседі. Екіншіден, тәжірибе жинақтауға таптырмас алаң. Колледж қабырғасында білікті мамандар металлмен жұмыс істеу, тігіншілік, аспаздық өнердің технологиясын үйретіп, кәсіби бағдар береді.

СНХ: ӘЛИНҰР КӨКЕЕВ, ОҚУШЫ: Біз осы жерде сентябрьдан бастап еңбек сабағын өтіп жүрміз. Мен осында жүріп, өзімнің болашақ мамандығымды таңдадым. Ол-автослесарь. Ол адамзатқа өте пайдалы болады.

РКС: Кейінгі жылдары оқу орнында «Тамақтануды ұйымдастыру» мамандығына түсетін ұл балалар көбейген. Технология пәнін колледж базасында өтіп жүрген мектеп оқушыларының арасындағы ұлдар да аспаздықты таңдаған.

СНХ: АЛМАС БАЗАРБАЙ, ОҚУШЫ: Аспаз сабағын таңдағаным ол өмірде өте қажет болады. Әр адам тамақ ішеді. Тек қана әйел адамның жұмысы емес. Аспаздық өнер маған ұнайды.

РКС: Колледж 2021-ші жылы «Жас маман» жобасына енген. Жоба аясында оқу орнының материалдық-техникалық базасы жаңартылды. Осылайша сабақты қызықты етіп өткізуге барлық мүмкіндік жасалып отыр.

СНХ: АНЕЛЬ ҚУАНДЫҚОВА, ОҚУШЫ:Біз қазір песочный қамыр жасап жатырмыз. Колледжде технология сабағынан өтіп жатырмыз. Осы песочный қамырды жасаған менің ойымша бізге, маған өскенде қатты қажет болады. Себебі мен болашақ ана ретінде. Мен болашақта медицина мамандығын таңдаймын. Медицина мамандығын таңдасам да әрдайым қыз бала тамақ жасай білуі керек.

СНХ: ЖАНСАЯ ХИБАТОЛЛА, ОҚУШЫ Бұл колледжде біз әртүрлі тағамдар және кондитерлік өнімдер істейміз. Мен мектептен кейін кондитерлік оқуға түскім келеді. Мен өзімнің дүкенімді ашқым келеді.

РКС: 9-шы сыныптың оқушылары колледж қабырғасында тігін ісі, аспаздық өнерді меңгереді.

СНХ: БОЛАТ ТӘТКЕНОВ, КОЛЛЕДЖ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бұл жерде біріншіден ол несімен тиімді? Кәсіби өндірістік оқыту шеберлері бар бізде. Яғни мектептегі технология пәнінің оқытушыларымен біздің кәсіби оқу-өндіріс шеберлері бірігіп технология сабағын өткізеді. Яғни біздің колледждің материалдық-техникалық базасы мектеп оқушыларының сол құзыреттілікті толық, жан-жақты меңгеруіне толық мүмкіндік береді.

РКС: Білім ошағында қазір 400-ге тарта студент білім алып жатыр. 75 пайызы ауыл балалары. Олар жатақханамен толық қамтылған. Айта кетейік, көпсалалы инновациялық колледж 7 мамандық, 17 біліктілік бойынша жұмысшы мамандарын даярлайды.

ГҮЛНӘР БЕКЕНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ