ДИКТОР: «Жұмысшы мамандықтар жылы» жобасы аясында Көкшетау құрылыс-технологиялық колледжінде жастар форумы өтті. Шараға оқу орнының студенттері мен қала кәсіпорындарының жұмысшылары қатысты.

РКС: Жастар форумына «НОВОПЭК» және «ЕНКИ» серіктестігі, «Vorota Luxe» компания өкілдері қатысып, студенттерге өз кәсіпорындары жайлы бейнероликтер және сұрақ-жауап арқылы ақпарат берді. Шара барысында студенттер бос жұмыс орындары жайлы сұрақтар қойды.

СНХ: ДАСТАН ЕРМЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Қазір біз жұмысшы мамандықтар жылына орай кәсіпорындарда экскурсиялар көрсетіп жүрміз. Кеше ғана Новопэкте болдық, оның алдында ЕНКИ-де болған болатынбыз. Яғни, жұмысшы мамандармен кездескен болатынбыз, қандай сұраныс бар екен. Өзіміздің ұсыныстарымызды белгілеп, айтып кеткен болатынбыз. Алдағы уақытта жоспар құрып, бірге жұмыс жасаймыз деген ойдамыз. Бүгінгі кездесуде спикерлер өздерінің қандай жұмыс орындарда вакансиялар бар демекші, қандай курстан кейін оларға практика өтіп, жұмыс жасай алатын айтып кететін болады.

РКС: Шараға қатысушыларының бірі - Алмаз Бисин. Ол «ЕНКИ» серіктестігінде 2012 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Аталған кәсіпорында түрлі қызмет атқарды. Қазір зауытта цех механигі болып еңбек етіп жүр.

СНХ: АЛМАЗ БИСИН, «ЕНКИ» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ МЕХАНИГІ: Бастапқы жұмысым разнорабочий болдым. Кейін оператор драги, старший оператор, мастер смены. Қазіргі уақытта механик цеха болып жұмыс істеймін. Менің жұмысым бүкіл зауыттың механикасына байланысты. Бүкіл механизмге жауап беремін. Оны қадағалап, тексеріп, қарап, бәрі ретімен жұмыс істегендей. Жұмыс жақсы. Зауыттың 90-95 пайызы автоматтандырылған. Біздің зауытта жастармен жұмыс істеу жақсы насихаттап жүріп жатыр.

СНХ: ЖАНЕРКЕ БАҚИ, КӨКШЕТАУ ҚҰРЫЛЫС-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ: Мамандығым технолог және повар-кондитермін. Болашақта жасөспірімдерге, өсіп жатқан балаларға осы профессияны таңдауға кеңес беремін. Форум біздің колледжге келіп жатқанына өте қуаныштымын. Адамдармен жұмыс істеуге жақсы көремін. Тамақ пісіруді жақсы көремін. Кішкентай кезімнен торттарды жақсы көремін пісіруге. Және анамның арманы болды, сол үшін осы мамандыққа түстім.

РКС: Мұндай шаралар облыстың түрлі оқу орындарында өткізіліп келеді. Айта кетейік, жастардың жұмысшы мамандықтарға қызығушылығын арттыру мақсатында алдағы уақытта тағы 55 шара өткізу жоспарланған.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.