ДИКТОР: Адал еңбекпен ғана табысқа жетуге болады. Қоғамда еңбекті дәріптеу маңызды. Бұл - Көкшетауда өткен республикалық ғылыми-тәжірибиелік конференциясы қатысушыларының ортақ ойы. Жиынға зиялы қауым, дін өкілдері, ғалымдар мен студенттер қатысты.

РКС: Биыл Қазақстан мұсылмандарының Діни басқарманың құрылғанына 35 жыл толды. Осы уақыт ішінде діни басқарма қызметкерлері қоғамда ізгілікті, білімді болу, бірлік пен ынтымақты насихаттап, рухани құндылықтарды дәріптеп келеді.

СНХ:НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ, ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ ДІНИ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ, БАС МҮФТИ: Қазақстан Республикасы Діни басқармасы биылғы жылды ислам және отбасы құндылығы жылы деп Дін қызметі аясында жариялады. Мақсатымыз – адам баласының адал еңбекте болуын қолдан келгенше кеңінен насихаттау. Бұл конференцияның маңызы біздің Мемлекет басшысы биылғы жылды жұмысшылар жылы деп жариялады. Осы идеяны қолдау мақсатында осындай шараларды өткізіп жатырмыз.

РКС: Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында «Адал адам-Адал еңбек-Адал табыс» қағидатын жас ұрпақ санасына сіңіру керек екенін баса айтты. Кездесу барысында осы қағиданы арқау еткен зиялы қауым өкілдері жұмысшы мамандық иелерінің мәртебесін көтеру, олардың жастар арасында еңбегін дәріптеу маңыздылығы айтты.

СНХ: ЕРМЕК НҰҒЫМАН, АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Біз өз алдымызға Ардагерлер кеңесі алға қойып отырған мақсатымыз - жастармен кездесу өткізіп, соларға еңбек адамдарының жолын айтып, еңбектің бағалығын айтып, өзіміздің ұлттық құндылықтарды ойларына сіңдіріп, қазақ қашан болса да еңбекті алға қойған халықпыз Сондықтан да жастарды еңбекке баулып, еңбек адамдарын насихаттап, бұл үлкен жұмыс. Сондықтан бүгінгі өтіп жатқан ғылыми-практикалық конференция өте орынды. Бүгін мында жастар келіп отыр, еңбек адамдары келіп отыр, ардагерлер келіп отыр солардың барлығын өзара араласып, бүгінгі диалог алаңында бір-бірінің пікірлерін айтып, жастардың бойына ұлттық құндылықтарды, еңбек құндылығын сіңдіру - бұл үлкен мақсат.

РКС: Ұлттық тәрбие - отбасынан басталады. Сондықтан оның мәртебесін қоғамда нығайту қажет. Осы ретте биыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бірқатар жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ