ДИКТОР: Атбасар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі әлеуметтік қорғау саласында 16 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді. Былтыр бұл бағытқа 531 миллион теңге бөлінді. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аудан әкімінің орынбасары әлеуметтік және денсаулық сақтау саласында атқарылған жұмыс нәтижелері туралы айтып берді.
ГРАФИКА МӘТІНІ: Атбасар ауданында отбасыларды қолдау және сүйемелдеу орталығы ашылды. 2024 жылы уәкілетті органдар 300-ден астам отбасына кешенді қызмет көрсетті. Облыстық бюджеттен орталық қызметіне шамамен 15 миллион теңге бөлінді. Сонымен қатар, ауданда жұмыс орындарын құру жұмыстары жүргізілді.
ГРАФИКА:
Отбасыларды қолдау және сүйемелдеу орталығы ашылды:
329 отбасына қызмет көрсетілді
Орталық қызметіне 15 млн. тенге бөлінді
СНХ: ҚУАНЫШ ҚУАТБЕКОВ, АТБАСАР АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: 2024 жылы Атбасар ауданында Мансап орталығы арқылы 2198 адамға жұмыс орнын құру жоспарланғанымен, 2279 жаңа жұмыс орны ашылды. Сондай-ақ, 10 азаматқа жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 14 миллион теңге мемлекеттік гранттар берілді.
РКС: Атбасар көпсалалы ауданаралық ауруханасы халыққа алғашқы медициналық-санитарлық мамандандырылған көмек көрсетеді. Оған 44 мыңға жуық адам тіркелген. Ауруханада жақын маңдағы аудандар тұрғындары да медициналық көмек алады. Мәселен, бір жыл ішінде медициналық мекемеде 100 мыңнан астам адам қабылданды.
СНХ: ҚУАНЫШ ҚУАТБЕКОВ, АТБАСАР АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Атбасар көпсалалы ауданаралық ауруханасы Сандықтау, Жақсы, Есіл, Жарқайың аудандар тұрғындарына да қызмет көрсетеді. Оның ішінде травматология, инфекция, инсульт орталығының ауданаралық бөлімшелерінде, сондай-ақ «Ана мен бала» бөлімшесінде 2-деңгейдегі босандыруды аймақтандыру шеңберінде. Атбасар көпсалалы ауданаралық ауруханада стационарлық, аудандық емханалық, учаскелік қызмет көрсетіледі.
РКС: 2024 жылы ауданға 22 дәрігер келді. Жоғары медициналық білімі бар мамандарға баспана берілді. Бүгінде ауруханаға тағы 28 маман қажет.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.