ДИКТОР: Астанада «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі басталды. Шара болашақ мамандар, жұмыс берушілер мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған. Оған облыстағы 4 колледжінің 300 студент пен оқытушы қатысты. Олар мамандарды даярлау бағытындағы өз жетістіктерін ұсынды.

РКС: «EXPO» көрме орталығы жас мамандардың, студенттер мен жұмыс берушілердің байланыс орнату орталығына айналды. Павильонда ондаған мамандық ұсынылды. Шараға қатысушылар өздерін құтқарушы, машина жасаушы, пайдалы қазбалар байытушы ретінде сынап көрді.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: НҰРСҰЛТАН ҚАЙЫРЖАН, КӨКШЕТАУ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ: Бүгін гидравликалық апаттық-құтқару құралдарымен келдік, олардың гидро жетегі мен электр жетегі түрлері болады. Сондай-ақ, заманауи өрт-техникалық қару-жарағын алып келдік. Оның ішінде өрт сөндірушінің арнайы киімі, сондай-ақ апаттар орталығында қолданылатын құрал-жабдықтар. Жыл сайын оқу орнымыздың материалдық-техникалық базасы заманауи жабдықтармен толықтырылып отырады. Болашақта жұмысқа орналасатын түлектердің саны да аз емес.

СНХ: ВАСИЛИЙ ГАПЕЕВ, КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОҚУ-ӨНДІРІСТІК ЖҰМЫСЫ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ: Осында VR өнімдері ұсынылды. Яғни, қатысушылар өздерін жеңіл автомобильдерге, ауыл шаруашылығы техникасына және электромобильдерге техникалық қызмет көрсету мамандары ретінде сынап көре алады. Бұдан бөлек, жұмыс стендтері де ұсынылды, онда қатысушылар болашақ мамандар ретінде шеберлік сабақтарынан өте алады.

СНХ: ЕРЖАН МУСИН, КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ: Менің мамандығым ол құрылыс жолдары және де геодезия. Қазіргі кезде құрылыс жолдары ол үлкен деңгейде. Біздің құрылғылар ол теодолит, тахеометр және де GPS-пен қолданамыз және оның қатарына беспилотник та кіреді. Қазіргі кезде мен оқуымда дуальді оқимын. Өйткені қазіргі кезде колледж біздің арманымызды орындайды. Тағы Көкшетау жолдарында наурыз кезінде 15-50-ші шақырым Көкшетау-Омбы жолын біз жасауға тырысамыз. Геодезия жұмысы, ең алдымен жұмыс учаскісіне келіп, ең соңғы кетеді. Өйткені жер түзу болмаса, асфальт та түзу болмайды. Сол себепті бүкіл жұмыстың басынан аяғына дейін болады.

РКС: Мұндай деңгейдегі шаралар жастар арасында жұмысшы мамандықтарын насихаттауға оң әсер етеді, - дейді ұйымдастырушылар. Айта кетейік, «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі ақпанның 15-іне дейін жалғасады.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ