ДИКТОР: Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің 70 жылдығы мен жұмысшы мамандықтар жылы аясында колледждің «Киім дизайны» және «Интерьер дизайны» мамандығында білім алушы студенттердің «Еңбекпен өрілген өмір» атты шығармашылық көрмесі өтті. Тілшіміз баяндайды.

РКС: Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің 70 жылдығы мен жұмысшы мамандықтар жылын лайықты деңгейде атап өту мақсатында ұйымдастырылған шараға қала қонақтары да ағылды.Оларға түрлі стиль мен техникада орындалған шығармашылық жұмыстар көрмесі ұсынылды. Оған алғаш рет қатысып тұрған колледж студенттері де бар.

СНХ: РАМИНА РАСУЛОВА, АҚАН СЕРІ АТЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ МӘДЕНИЕТ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ: Бүгінгі қойылымды біздің жетекшілеріміз ұйымдастырды. Соларға үлкен алғыс. Мен бірінші рет көрмеге қатыстым. Алған әсерлерім жақсы. Көптеген өнерлерді, жұмыстарды көрдік. Акрильмен салынған картина . Оның тақырыбы қазақтың салт-дәстүрі.Оның ішінде оюларды қосқанмын. Және жайлау,киіз үй қазақтың салтын білдіретін заттарды қостым.

СНХ: КАРИНА НЫҒМЕТЖАНОВА, АҚАН СЕРІ АТЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ МӘДЕНИЕТ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ: Мұнда негізінен біздің көптеген студенттердің жұмыстары қойылған. Мұнда түрлі тастар мен киіздің көмегімен жасалған жұмыстар ұсынылған. Сонымен қатар кілем тоқу бойынша жұмыстарды да көріп тұрмын. Картиналардың көпшілігі акрил мен майлы бояуды қолдану арқылы жасалған. Қазақстан, оның мәдениеті тақырыбы қозғалған. Бұл негізінен көңіл қуантады. Елдің дамуын шығармашылық жұмыс арқылы көрсету идеясы ұнады.

РКС: Көрменің ашылу салтанатына орай колледж студенттерінің өнер шығармашылығынан да жиналғандарға ән-шашу ұсынылды. Көрме тек тамашалау үшін ғана емес, бұл біздің ұлттық нақышымызды және өнерімізді дәріптеуге арналған дейді-ұйымдастырушылар.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: ҰЛБОЛСЫН МӘМБЕТОВА, АҚАН СЕРІ АТЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ МӘДЕНИЕТ КОЛЛЕДЖІ ДИЗАЙН ФАКУЛЬТЕТІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Бұл көрсетілім өзіміздің колледжінің 70 жылдығына және де биылғы жұмысшы мамандықтар жылына аталуына орай ұйымдастырылып жатыр. Көрмеде түрлі техникаларда:оның ішінде майлы бояу, акрил бояу жұмыстары, одан кейін түрлі ағаш бұйымдары орын алған. Оның ішінде өзіміздің ұлттық нақышты дәріптейтін, ұлттық өнерімізді дәріптейтін жұмыстар сонымен қатар заманауи үлгідегі оқушылардың өздерінің қиялдарынан туындаған шығармалар қойылған.

РКС: Ұлттық салт-дәстүрді ұлықтау, сонымен қатар құндылықты сақтау, жұмысшы мамандығының жастар арасында мәртебесін арттыру мақсатындағы көрме өз дәрежесінде өтті.

НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ