ДИКТОР: Нұрбанк қызметкерлері 7 жыл қатарынан «Жылу сыйлаймыз» акциясын ұйымдастырып келеді. Ауа райының қолайсыздығына да қарамастан күн сайын қала игілігі үшін еңбек етіп жүргендерге қолдау білдіруде. Биыл да ізгілік акциясын қайталады. Суық күндері олар коммуналдық қызметтің жұмысшыларына ыстық шай және буы бұрқыраған нан өнімдерін ұсынды.

РКС: Қыста коммуналдық қызметтің жұмысшылары таңмен таласа тұрып жолдарды қардан тазартып, қала тұрғындарына жайлылық жасайды. Олар ауа райының кез келген жағдайында еңбек ете береді. «Жылу сыйлаймыз» акциясы аясында «Нұрбанк» өкілдері жылы лебіздерін білдіріп, ілтипат көрсетті.

СНХ: НҰРЖАН ДӘУЛЕТОВ, «НҰРБАНК» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ КӨКШЕТАУ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Нұрбанк жетінші жыл қатарынан қыста «Жылылық сыйлаймыз» атты қайырымдылық акциясын өткізіп келеді. Осы акция арқылы біз ауа райының қолайсыздығына және аязға қарамастан қала көшелерін тазалап, тұрғындардың жайлылығына қамқорлық жасап жүрген жандарға алғыс айтамыз.

РКС: «Нұрбанк» қызметкерлері мүмкіндігінше жұмысшылардың басым бөлігіне қамқорлық көрсетіп, көңіл бөлу үшін қаланың бірнеше маңызды орындарына барды. Ыстық шай коммуналдық қызмет саласы жұмысшыларының денесін ғана емес, ішкі жан дүниесін де бір сәтке болсын жылытты.

СНХ: СЕРГЕЙ ТЕРЕХИН, КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ЖҰМЫСШЫСЫ: Нұрбанк» қызметкерлеріне бізді ұмытпай, еңбегімізді бағалап, осындай құрмет көрсетіп жатқандарына алғысымды білдіремін. Жұмыс өте ауыр. Шай мен кофе әрине жақсы, әсіресе бүгінгідей суық күні. Аздап жылынып, демалып алдық.

СНХ: ТӨЛЕГЕН АЙТМАҒАМБЕТОВ, КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ЖҰМЫСШЫСЫ:

РКС: Биыл бұл акция Қазақстанның 10 қаласын қамтиды. Қыс мезгілінің ажырамас бөлігіне айналған «Нұрбанктің» қайырымдылық дәстүрі ақпан айының соңына дейін жалғасады.

АЯЛА НҰРБЕК, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ