ДИКТОР: Ақмола облысында ұлттық спорт түрлері қарқынды дамып келеді. Соңғы уақытта бұл айқын трендке айналды. Жыл сайын спортпен айналысатын адамдардың саны артып келеді. Статистикаға сәйкес, бұл көрсеткіш 330 мың адамға жетіп, өңір халқының 41 процентіне жетті. Сондай-ақ, салауатты өмір салтын ұстанатын ақмолалықтардың саны 8 мың адамға көбейді. Облыс орталығында көптеген спорт секциялары ашылған.
РСК: Жасұлан Мусипов 18 жылдан бері жасөспірімдерді жаттықтырып келеді. Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Ұялы ауылының тумасы. Кейін Көкшетауға көшіп, білім алып, «Қайрат» залында ұлттық спорт түрінен жастарды жаттықтыра бастады. Үш жылдан бері Жасұлан Мусипов Ақмола облысы бойынша жасөспірімдер арасында қазақ күресінен аға жаттықтырушы қызметін атқарып келеді. Оның бірнеше шәкірті Қазақстан чемпиондары атанған.
СНХ: ЖАСҰЛАН МУСИПОВ, ЖАТТЫҚТЫРУШЫ: Осы залға негізінен жастар көп келеді. Қазақ күресімен, қазір ұлттық спортпен бүкілі қызықтырып жатыр. Адамдар көп келіп жатыр негізі. Мен негізі Солтүстік облысы Ажар ауданы Ұялы ауылыннан. Осы біздің ауылымызда ағайымыз болды, Жанболат ағай, сол кісі мені қазақ күресіне ертіп алып келді. Сол 6 жасымнан қазақ күреспен айналысып жүрмін. Енді ұлттық спорт болғасын қазақ күресімен айналысу керек. Балаға негізі, денені шымылдырады, денсаулығына жақсы.
РСК: Жасұлан Мусипов жаттықтыратын топта 35 спортшы бар. Жаттығулар жұмыс күндері аптасына 5 рет өтеді. Жалпы, «Қайрат» спорт залында қазақ күресінен 3 рет жаттығу ұйымдастырылады.
СНХ: НҰРӘЛІ НҰРТАЙ, СПОРТШЫ: Маған қазақ күресі ұнайды. Мені бұл спортқа әкем және достарым шақырды. Мен достарымнын артынан барғаннан кеін, әкем күнде осы тренировкаға жіберді. Мен осы қазақ күресімен 4 жыл дайындлып жүрмін, көптеген жарыстарға бардым. Рспубликанский, қалалық, облыстық жарыстарға шықтым. Менін мақсатым ол, Алла қаласа чемпион болу және Қазақстанды де бағындыру. Менің ойымша, бүкіл жас бала осы қазақ күреспен айналысу тиіс, себебі бұл біздің ұлттық спорт.
РСК: Айта кетейік, Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларына Ақмола облысынан спорттың әр түрі бойынша 560 спортшы енген. Олардың ішінде 24 ақмолалық спортшы ұлттық спорт түрлерінен ел намысын қорғап жүр.
ТОМИРИС ТӘУКЕЛОВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.