ДИКТОР: Жақында "1920-1950 жылдардағы Ақмола, Көкше - Есіл, Атбасар өңіріндегі саяси қуғын-сүргін тарихы, зерттелуі, тағылымы" атты монография жарыққа шығады. Бұл қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі Ақмола облысындағы комиссия зерттеулерінің нәтижелері, архивтердің негізінде көптеген тарихи деректерден жинақталған басылым болмақ.
РКС: Елімізде саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылып, 3 жыл көлемінде әр облыста зерттеу жұмыстарын жүргізген. Комиссия жұмысы тоқтағанымен зерттелмеген материалдар әлі де көп дейді комиссия мүшелері. Олар Алматы, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстары мен Ресей елінде, Елордадағы мұрағаттарда жұмыс істеді. Ертеректе құпия саналған құжаттарға қол жеткізіп, көптеген ақпараттарды зерттеген.
СНХ: АМАНАЙ СЕЙІТҚАСЫМОВ, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ: Сол комиссияның үйлестірушісі ретінде архивтердегі құжаттардың негізінде үлкен монография қолға алған болатынмын. Жарты жылдай болды бітіріп жатырмыз. Бұл кітап монорграфия Ақмола облысы әкімдігінің тапсырмасымен және Аманат партиясы Ақмола филиалының тапсырысымен іске асып жатыр. Ерекшелігі жекелеген тақырыптар бойынша мысалы ұжымдастыру, немесе ашаршылық туралы, яғни кешенді түрде комплексно дейміз осы Солтүсік жердегі саяси қуғын сүргін толық жазылған жоқ.
РКС: "1920-1950 жылдардағы Ақмола, Көкше - Есіл, Атбасар өңіріндегі саяси қуғын-сүргін тарихы, зерттелуі, тағылымы" атты монография 10 тараудан тұрады. Бүгінде кітап аяқталуға жақын. Бірер айда оқырман қолына тиеді.
СНХ: АМАНАЙ СЕЙІТҚАСЫМОВ, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ: Бұрын ғылыми айналымға кірмеген сирек кітап, газет материалдары бар, сонымен қатар Ресей Федерациясының архив материалдарын пайдаланып жатырмын.
РКС: 1930 жылдары Қазақстанда 103 мың адам қуғын-сүргінге ұшыраған және 25 мың адам ату жазасына кесілген. Осы жылдары қазақстандық ғылым, мәдениет және саясат саласының зиялы қауым өкілдері атылған.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ