ДИКТОР: Өңірде көктемгі егіс науқанына дайындық басталды. Шаруалар маусымдық жұмыстарды жүргізу үшін жеңілдетілген несиелеуге өтінімдерді қараша айында бере бастады. Несие беру жалғасуда. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы техникасын жөндеу және дайындау жұмыстары жүргізілуде. Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов ауыл шаруашылығы өндірушілерімен және ең өнімді аудандардың басшылығымен кеңес өткізді. Ауа райының қолайсыздығынан болатын тәуекелдерді азайту және тұрақты өнім алу басымдыққа ие.
РКС: Ақмола облысы Қазақстанның аграрлық секторында жетекші орын алады. Сонымен қатар, аймақ қауіпті егіншілік аймағында орналасқан. Диқаншыларға наурыздың 1-іне дейін майлы және жемшөп дақылдарының үлесін арттыруды ескере отырып, егіс алқаптың құрылымын қалыптастыру міндеті қойылды. Сәуірдің 1-іне дейін зертханаларда тұқымдарға толық талдау жүргізіп, ауыл шаруашылығы техникасын дайындауды аяқтау қажет.
СНХ: МҰРАТ БАЛПАН, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Ауыл шаруашылығының жаздық дақылдарын 5,2 миллион гектар алқапқа егу жоспарлануда, ол өткен жылғы көрсеткіштен 54 мыңға жоғары. Оның ішінде 4,7 миллион гектар алқаптағы дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар. 350 мың гектар алқапқа майлы дақыл егуді жоспарлап отырмыз. Бұл өткен жылғы деңгейден 81 мыңға жоғары. Облыстың агроөнеркәсіптік кешені саласының оңтайлы нәтижелеріне және орнықты экономикалық дамуына қол жеткізу үшін жергілікті жерлерде бар проблемаларға қарамастан, барлық аудандар бойынша майлы дақылдардың құрылымын ұлғайтуын қарастыру керек деп санаймыз.
РКС: Кеңеске 7 аудан қатысты. Бұл өңірлерде облыс бойынша барлық егістік аумақтың 60 проценттен астамы орналасқан. Мысалы, Жарқайың ауданында 650 мың гектар жерге дән сіңіру жоспарлануда. Ақпанның 1-індегі мәліметке сәйкес облыста 20 миллиард теңгеге жеңілдетілген несие, оның ішінде Жарқайың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне 8 миллиард теңгеге жуық несие берілді. Ауданда көктемгі егіс науқанына әзірлік жұмыстары қыза түскен.
СНХ: ЕРБОЛ ЖҮСІПБЕКОВ, ЖАРҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу кезінде 600 мың гектарға жуық аумақта ылғалды жабу жоспарлануда. Егіс алдындағы өңдеу 55 мың гектар аумақта көзделген. Бүгін жоспарланған 95 мың гектардың 55 мың гектар аумағында қар тоқтату жұмыстары жүргізілді. Биылғы көктемгі егіске 80 мың пар дайындалып, 110 мың гектар алқапта сүдігер жыртылды.
РКС: Облыс әкімі Марат Ахметжанов аграршыларды қажетті отынмен, тыңайтқыштармен, несиемен және техникамен қамтамасыз етуге қатысты белсенді жұмыс істеуге шақырды. Айта кетейік, көктемгі егіс науқанын ойдағыдай өткізу үшін 36,5 мың техника қажет. Қазір оның 75 проценті жұмысқа кірісуге толығымен дайын. Бұдан бөлек, техниканың 7 проценті жаңартылады. Биыл облыста ауыл шаруашылығы машиналарын лизингке сатып алуға 42 миллиард теңге бағытталды.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ.