ДИКТОР: Мектеп оқушыларының арасында мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, олардың шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында жыл сайын қазақ тілінен «Жарқын болашақ» атты республикалық олимпиадасы ұйымдастырылып жүр. Негізгі ұйымдастырушысы - «Білім-инновация» халықаралық қоғамдық қоры. Бүгін Көкшетауда олимпиаданың облыстық кезеңі өтті.

РКС: Облыстық кезеңге өңірдің түкпір-түкпірінен 154 оқушы қатысып жатыр. Екі күн бойы қатысушылар бес номинация бойынша бақ сынайды. "Бейнелеушілер" номинациясында қазақ әдебиетіндегі шығармаларды комикс жанрында салса, "Білгірлер бәйгесінде" халық ауыз әдебиетінен сайысқа түседі. Қатысушылардың арасында жазба әдебиетке талпыныс жасап жүргендер де бар. Олар "Жас қаламгер" сайысында үздіктерді анықтайды. "Сөз шеберлері" номинациясында шешендік өнерімен ерекшеленгендер бағын сынамақшы. "Әнші бұлбұлдар" номинациясында түрлі байқауға қатысып, жүлделі орындардан көрініп жүрген Нұрғиса Елешұлы ән бағытында сайысқа түсіп жатыр.

СНХ: НҰРҒИСА ЕЛЕШҰЛЫ, БҰЛАНДЫ АУДАНЫНАН КЕЛГЕН ҚАТЫСУШЫ: Биыл осы "Жарқын болашақ" байқауына бірінші рет келіп тұрмын. Жалпы осы "Жарқын болашаққа" дейін көптеген байқауларға қатысқанмын.Соның бірі "Ақберен". Тағы да ұлы тұлғалардың атындағы байқауларға қатысқанмын. Алдыңғы орындар бар. Тек осы оқулар ғана емес, айтыстарға да қатысқанмын. Республикалық, облыстық, аймақтық айтыстарға қатысқанмын. Жалпы, бүгінгі "Жарқын болашақ" сайысына келген барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін, жеңіс тілеймін.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Айта кетейік, бұл олимпиадаға 7-11 сынып оқушылары қатыса алады. Ұлты қазақ және этнос өкілдері сайысқа жан-жақты дайындалып келген. Олимпиада оқушылардың қазақтың тілі мен әдебиетіне, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпына, тарихына деген қызығушылығын арттыруды көздейді.

СНХ: САМАТ СМАҚОВ, "БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ" ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫ ТӘРБИЕ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Осы Көкшетауда бүгін 17 ауданнан, 3 қала, 5 мамандандырылған мектептен 154 оқушы қатысып жатыр. Тек қана қазақ ұлтынан емес, өзге ұлттан да оқушылар қатысып, осы қазақ тілінің дамуына оған сүйіспеншілігін, құрметін көрсетіп,өздерінің шеберлігін көрсетіп жатыр

РКС: Әр номинацияны бағалайтын қазылар алқасы бар. Олар жүзден жүйрік шыққандарды ертең анықтайды. Жеңімпаздар облыстық білім басқармасының I, II және III дәрежелі дипломдарымен марапатталады.

СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ