ДИКТОР:Еліміздегі агрокешен саласының дамуы азық-түлік қауіпсіздігі мен әлеуметтік-экономикалық тұрақтылық деңгейін қамтамасыз етеді. Мемлекет басшысы өз Жолдауында агроөнеркәсіптік кешеннің зор әлеуетін пайдалана отырып, нақты серпіліске қол жеткізуді жүктеді. Осы ретте «Тұқым-2025 Көкшетау» халықаралық конференция көрмесі өтті.

Stand-up: ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ТІЛШІ: Ауыл шаруашылығы – Ақмола облысы үшін ең маңызды сала. Қазір өңір көктемгі егіс жұмыстарына дайындалуда. Жерге сіңірілетін дәннің сапасына баса назар аударылады. Бүгін аймақтың ауыл шаруашылығы саласының мамандары Көкшетауға жиналды. «Тұқым-2025 Көкшетау» халықаралық конференциясында агроөнеркәсіп кешенін дамыту және ауыл шаруашылығының тиімділігін арттыру жолындағы маңызды қадамдарды саралады. Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов былтыр Ақмола облысы 6,6 млн тонна астық жинап, әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері бойынша оң нәтижеге қол жеткізгенін атап өтті . Бұл өз кезегінде элиталық тұқымдарды қолдану және заманауи технологияларды енгізудің арқасында қол жеткізілгенін айта кету керек.

СНХ:НҰРБЕК БАДЫРАҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Бұл іс-шараның маңыздылығы- яғни, шаруалармен ғалымдардың және осы тұқым сату саласындағы, өсімдік қорғау саласындағы пестицидтердің қазіргі тенденциядағы маңызды тұқымдардың сапалылары ұсынылып отыр. Ең маңыздысы жанағы шаруалар мен осы саладағы бүкіл ғалымдардың арасындағы тәжірибе алмасу. Биылғы жылы жалпы біздің облыста мысалы 540 мың тоннаға жуық тұқым дайындалды. Оның қазір 40 пайызға жуығы, 214 мың тоннасы тексерілуге тапсырылды. Соның қазір 20 пайызы толыққанды сапалы тұқым екені анықталып отыр. Одан бөлек бізде облыста қазір 36-дан астам тұқым шаруашылықтары жұмыс істейді.

Stand-up: ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ТІЛШІ: Жиынға отандық және шетел ғалымдары, жергілікті шаруа қожалығының иелері мен сарапшылар қатысты. Көрмеде шаруаларға Отандық, сондай-ақ Еуропа, Ресей, Швейцария , Франция сияқты елдерде өсірілетін дәннің 150-ден астам түрі мен заманауи техникасы ұсынылды.

СНХ: НҰРБЕК НҰРҒАБИЕВ, «МАЙЛЫ ДАҚЫЛДАР ТӘЖІРИБЕ ШАРУАШЫЛЫҒЫ» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ САТУ ЖӨНІНДЕГІ ДИРЕКТОР ОРЫНБАСАРЫ: Қазіргі таңда күнбағыстың будалары және сояның майбұршақтардың өндірумен, селекциясымен айналысамыз. Осы көрмеге 10 түрлі күнбағыс алып келдік, және майбұршақ сояның 6 түрін алып келдік. Олардың ішінде, тоқтала кетсек, күнбағыстың 4 түрі гербецидке төзімді түрлелі бар, және де 6 түрлі классикалық түрі бар. Майбұршақтың да 4 түрі бар. Олардың бәрі селекциясы өзіміздің Қазақстанда өндірілген. Осындай көрмелер Көкшетау қаласында бірінші рет өткізіліп тұр. Біз оған келгенімізге қуаныштымыз, мұндай көрмелер керек Қазақстанда. Ауыл шаруашылық шаруалары бір-бірімен араласып, тәжірибе алмасуына өте керек деп ойлаймыз.

СНХ:ВАДИМ ЮСОВ, ОМСК АГРАРЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ӨКІЛІ: Бүгін біз осы көрмеде бірнеше дәнді дақылдар тұқымын әкелдік. Мұндай шаралар ауыл шаруашылығы саласының мамандарымен тікелей қарым-қатынас орнатуға таптырмайтын алаң. Омск облысы мен Солтүстік Қазақстан жақын орналасқан. Сондықтан тұқымның Солтүстік Қазақстан өңірінде тез жерсініп кетуіне ыңғайлы. Біздің орталық тұқым селекциясымен 100 жылдан астам уақыт айналысып келеді.

Stand-up: ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ТІЛШІ: Сондай-ақ жиында ғалымдар мен мамандар тұқым сапасын арттыру, заманауи селекциялық технологияларды енгізу, инновациялық әдістерді қолдануға қатысты мәселелерді талқылады.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ