ДИКТОР: Өңірде су тасқыны қаупінің алдын алуға дайындық қызу жүріп жатыр. Су тасқыны болуы ықтимал жерлерді қорғау жұмыстары қыста да тәулік бойы жүргізіледі. Мәселен, облыстың үш ауданы арқылы Жабай өзені өтеді. Сондықтан оның арнасын кеңейтуге ерекше назар аударылады. Аймақ басшысы Марат Ахметжанов Сандықтау және Атбасар аудандарына іссапары аясында кешенді жұмыстың барысын бақылап қайтты.

РКС: Бүгінде Балкашино ауылында Жабай өзенінің арнасын кеңейту жұмыстары белсенді жүргізілуде. Бұл шаралар су тасқыны қаупі бар кезеңде Сандықтау ауданында ғана емес, Атбасарда да су басудың алдын алуға әсері зор. Өзеннің айналасы қамыс пен ағаш өсімдіктерінен тазартылады. Өзеннің арнасы 3,5-ға дейін кеңейтіліп, 3 метрдей тереңдетілген. Сонымен қатар, қосымша тыныштандырғыш контрреттегіш орнатылған. Оған жоғары ағынды баяулату арқылы су жиналады.

СНХ: БАҚЫТ БИЖІГІТОВА , «БАҚЫТГИДРО» СЕРІКТЕСТІГІ ЖОБАЛАУ КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Бұл жобада қарастырылған негізгі жұмыстар – өзен арнасын тереңдету және кеңейту, бұл судың ағынын арттыруға мүмкіндік береді. Су арнасынан асып кетпейді. Ол жаңа арна арқылы өтеді. Ең қауіпті нүктелерде су тасқынынан қорғау үшін екі қорғаныш бөгеті болады. Мұнда тереңдігі шамамен бес метр болатын тоған орналасқан. Біз жинайтын барлық су осында жіберіледі. Содан кейін ол осы аймақтың қажеттіліктері үшін пайдаланылады.

РКС: Жоспарланған жұмыстардың тең жартысы аяқталды. Ауқымды жоба келесі жылы мамырдың соңына дейін толығымен аяқталады деп жоспарланған. Қаржыландыру "Демеу Қазақстан қоры" қорынан бөлінді. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы су тасқыны кезінде Атбасар ауданының мыңнан астам үйі зардап шеккен еді. Жазда қауіпті аймақтан 400-ден астам отбасы қоныс аударды. Елді мекендерді қорғау жұмыстары жалғасуда. Атбасарда орналасқан үйінді бөгеттің бойына ұзындығы 10 метр су өткізгіш құбырлар салынады.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Даладан келген су бәрі келіп, осы дамбаға тіреліп, өз қаланы, үйлерді су басып кетіп атқан жағдайлар болды.Сондықтан міне қазір осы жерде 3 осындай шлюз. Бұл жаңағындай даладан келген судың бәрін Жабайға шығарып жіберуге толық мүмкіндік туады. Ең біріншіден, даладан келген су елдімекенді баспайды деп, сондай біз кепілдік бере аламыз. Осы наурызға дейін аяқтаймыз осы 3 су өткізетін жалақтарды.

РКС: Су тасқынына қарсы жұмысты бақылау үшін жедел штаб құрылды. Өңір басшысы былтырғы қателіктердің қайталанбауы тиіс екенін атап өтті. "Барлық ықтимал қауіптерді, соның ішінде еріген су мен көлдердің тасуы мүмкін екенін де ескеру қажет. Дайындық уақытылы, ал шаралар тиімді болуы керек", - деді Марат Ахметжанов. Айта кету керек, өңірде осындай шаралармен алты ірі су айдыны қамтылған. Бұл жұмыс Ақмола облысы бойынша ондаған елдімекенді қамтамасыз етеді.

АДАЙ БОТАБАЙ ,ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ