ДИКТОР: Дүниежүзілік сайлау күні жыл сайын ақпанның бірінші бейсенбісінде атап өтіледі. Бұл датаны барлық елдер 2005 жылы Венгрияда сайлауды ұйымдастырушылардың Бас конференциясында сайлау органдарының кәсіби мерекесі ретінде бекітті.
РКС: Еліміздің сайлау жүйесі Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихымен тығыз байланысты. Облыстық сайлау комиссиясы «Жастар рухы» қоғамдық бірлестіктің белсенділерімен кездесу ұйымдастырып, сайлаудың ел өміріндегі маңызына тоқталды.
СНХ: МАНАРБЕК СӘДУОВ, ОБЛЫСТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Ең басты мәселе сайлаудың қандай жаңалықтар сайлау заңнамасында, қандай өзгерістер қосылып жатқанын түсіндіріп айттық, қандай сұрақтар бар екен. Әрине көбіне жастарға. Жастардың бәрі кандидаттыққа, депутаттарға, әкімшілікке көп сұрақтар болды. Бір жағынан қызығушылық бар, сайлау заңнамасына. Соны түсіндіріп айттып отырдық. Осыдан басқа біз тағы көп ұйымдармен кездесіп отырмыз.
РКС: Кездесуге «Аманат» партиясы облыстық филиалының жанындағы «Жастар рухы» қоғамдық бірлестігінің өкілдері қатысты. Оның белсендісі Гүлбахар Ибраимова әр азаматтың дауыс беру құқығының маңыздылығын атап өтті.
СНХ: ГҮЛБАХАР ИБРАИМОВА, «ЖАСТАР РУХЫ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ БЕЛСЕНДІСІ: Бүгінгі жиналыста біз сайлау қалай өтеді, сайлауға қалай қатысады, сайлаудың дауыстары қалай белгіленеді, сол туралы болды жиын. Маған қызық болған сұрақ ол сайлауды дауыстар қалай болады, қалай талданады, қаладан ауылға қалай жеткізіледі деген сұрақ қызық болды маған.
РКС: Осындай жиындар облыстың оқу орындарында да өткізіліп келеді. Кездесулерде сайлау заңнамасындағы өзгерістер мен жаңалықтар туралы ақпарат беріліп, саяси науқанның маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.