ДИКТОР: Ақмола облысының колледждері «WorldSkills» чемпионаттарына 2015 жылдан бері қатысып келеді. Осы уақыт ішінде өңір командасы 35 алтын, 21 күміс және 30 қола медаль жеңіп алды. Сонымен қатар, жоғары деңгейдегі шеберліктерін көрсеткені үшін 57 ақмолалық маман «Үздік шеберлік медальонын» иеленді. Қазір өңір колледждері «WorldSkills Aqmola» чемпионатына қызу дайындалып жатыр. Тілші баяндайды.
РКС: Шағалалы жоғары агротехникалық колледжі халықаралық кәсіби шеберлік қозғалысының белсенді қатысушысы. Медальдар саны бойынша бұл оқу орны техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында өңірдегі үздік үштікке кіреді. Өткен жылғы өңірлік чемпионаттың қорытындысы бойынша колледж студенттері 10 құзыреттілік бойынша жеңімпаз және жүлдегер атанды. Солардың бірі – «өнеркәсіптік автоматика» құзыреттілігі бойынша қола жүлдегер атанған Еламан Қабиболла. Қазір ол өзі тапсырмалар әзірлеп, студенттерді жарысқа дайындауда.
СНХ: ЕЛАМАН ҚАБИБОЛЛА, ӨНДІРІСТІК ОҚЫТУ ШЕБЕРІ: 2020 жылы техник-электрик мамандығына түсіп, 2023 жылы қызыл дипломға бітіріп, осы мамандықты алып шықтым. 3-ші курстан бастап «WorldSkills» сайыстарына қатыстым. Ол кезде электромонтажда осы құзыреттілігі. 3 рет қатыстым оқып жүрген кезде. Яғни, «WorldSkills Aqmola» 2022, 2023 және 2024. Жарыстарына қатысып, 3 рет бірінші орын алдым. Және де Францияның Леон қаласына барып, «WorldSkills Leon» чемпионатына қатыстым. Жоғары агротехникалық колледжінде жұмыс істеймін. Өңдірістік оқыту шебері болып. Және де өзімнің студенттерің ол жарысқа дайындалып келемін.
РКС: Еламан Қабиболланың ойынша «WorldSkills» қозғалысы колледждерге білікті әрі білімді мамандарды даярлауға жәрдемдеседі. Ол шәкірттерімен әзірлеген жұмыстарын отандық энергетиканың дамуына қосқан үлесі деп есептейді. Шәкірттерінің бірі – техник-электрик мамандығы бойынша білім алып жүрген Александр Закомлистов.
СНХ: АЛЕКСАНДР ЗАКОМЛИСТОВ, СТУДЕНТ: Бұл мамандықты таңдаған себебім – оған деген қызығушылығым жоғары. Маған электр қалқандарын жинау ұнайды. Сонымен қатар, мұнда «WorldSkills» чемпионаттары өтетінін білген соң, осы колледжге оқуға түстім. Биыл алғаш рет қатыспақшымын. Еламан Серікұлы маған электр қалқанымен жұмыс істеуді жақсы әрі түсінікті етіп үйретуде.
РКС: Айта кетейік, «WorldSkills Kazakhstan 2025» ұлттық чемпионатына жолдама беретін өңірлік кезең көктемде өтеді. Ал жеңімпаздар халықаралық деңгейде ел намысын қорғау үшін бақ сынайды.
ТОМИРИС ТӘУКЕЛОВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, АРДАҚ ТЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.