ДИКТОР: Елорда маңында орналасқан "Моя ферма" сүт зауыты күн сайын Астана дүкендеріне екі тоннадан астам сүт, қаймақ, айран, сүзбе, ірімшіктен жасалған өнімдерді жеткізеді. Енді кәсіпорын сүт өңдеуді тәулігіне отыз тоннаға дейін ұлғайтуды мақсат етіп қойып отыр.Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов зауыт жұмысымен және алдағы жоспарларымен танысты.

РКС: Өткен жылы зауытта 493 тоннаның өнімі өндірілді. 25 адам жұмыспен қамтылған.

СНХ: ҚУАНЫШ НАЙМАН, "МОЯ ФЕРМА" СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Қазір біздің өнімдердің сатылымы өте жоғары. Сондықтан компаниямыздың жұмыс ырғағын кеңейтуді мақсат еттік. Тәулігіне 30 тонна өнім өндіреміз деп отырмыз. Сонда айына 900 тонна болады. Қазір осы инвестициялық жобаны 2026-шы-2028-ші жылдары іске асыруды қарастырудамыз.

РКС: Жаңа жобаны іске асыру өндірісте 60 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Кәсіпорын директоры қайта өңдеу көлемінің ұлғаюына байланысты "зәкірлік шаруашылық" бағдарламасын іске қосуды жоспарлап отырғанын айтты.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Біз қазір зәкірлік жобаларға "Ауыл Аманаты" арқылы жеңілдетілген несие береміз. Өйткені бізге тауарлы мал сатып алатын адамдар ғана емес, сүт-тауар фермаларын салатындар да керек. Бізге олардың өнімдеріне сұраныс болуы керек. Егер мұнда тәулігіне 30 тоннаға дейін болса, онда бұл "Зәкірлік жоба". Яғни, "Нұрлы" тұтыну кооперативіндегі адамдар негізінен осы несиені пайдалануына болады.

РКС: Болашақта кәсіпорын тасымалдау аумағын кеңейтуді және басқа аймақтардың нарығына шығуды жоспарлап отыр. Өнімдерді тек Елорда дүкендерінен ғана емес, ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінен де кезіктіруге болады.

НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.