ДИКТОР: Кеше Көкшетауда Ақмола облысы әуесқой бокс федерациясы өткен жылы атқарылған жұмыстарына байланысты есепті кездесу өткізді. Онда қол жеткізген спорттық табыстарды саралай отырып, биыл атқарылатын жұмыстардың жобасы талқыланды.
РКС: Спорт жанашыры Ақмола облысы әуесқой бокс федерациясының президенті Батырбек Уәлиев атқарылған жұмыстары үшін бапкерлерге алғысын білдіріп, спортшыларға 2025 жылғы жарыстарда толағай табыс тіледі. Жиын барысында Қазақстан чемпионатында 3 алтын, 2 күміс, 9 қола медаль жеңіп алған жерлес спортшыларды құттықтады.
СНХ: БАХТИЯР САПАРБАЙҰЛЫ, БОКСТАН АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ АҒА БАПКЕРІ: Соңғы жылдары өңірде ересектер боксы бұқаралық сипат алуда. Осы орайда спорт басқармасымен жоғарғы спорт шеберлік мектебі ұжымының көмегіне сүйендік. Жауапты жарыстардың алдында оқу-жаттығу жиындар өтті. Өткен жылдың желтоқсан айында Қарағандыда өткен ересектер арасындағы ел чемпионатында біздің команда 2-ші орын алды. Осы спорттық жетістікті одан әрі жалғастырамыз.
РКС: Александр Высоцкий әлемге танымал шәкірттері Дина Жоламан мен Карина Ибрагимовамен ізін жалғастыратын қыздардың жаңа толқынын тәрбиелеп жатыр. Кездесу соңында былтыр үздік нәтижеге қол жеткізіп, Азия, ел чемпионаттарында жеңімпаз және жүлдегер атанған Оразбек Асылқұлов, Теміртас Жүсіпов, Тимур Қабдешов және Карина Ибрагимова мен Валерия Аксеноваға ақшалай сертификат табыс етілді. Осындай марапатқа бапкерлер Ерлан Ғазизов пен Александр Упатов та ие болды.
Естественный шум...
СНХ: ТИМУР ҚАБДЕШОВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2024 ЖЫЛҒЫ ЧЕМПИОНЫ: 2024 жылы біздің ересектер құрамасы өте жақсы спорттық жетістікке жетті. Бұл бірінші кезекте жалықпай жаттығып, бапкерлердің ақыл-кеңесін алудың арқасы. Осынау табысты биыл да баянды етеміз. Оған күш-жігерім жетеді.
РКС: Бокс біздің облыста да өркен жайып, жерлестеріміз саналуан жарыстарда ел намысын лайықты қорғауда.
ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ