ДИКТОР: Көкшетауда «Думан» педагогикалық отрядының тәлімгерлері мен практиканттары үшін концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Іс-шара болашақ тәлімгерлердің шығармашылық таланттарын оятып, оларды қолдануды үйретуге бағытталған. Тілшіміз Евгений Варанкин жалғастырады.

ИНТЕРШУМ:

РКС: «Думан» педагогикалық отряды 2015 жылы құрылды. Қазір Көкшетау, Астана және Щучинск қалаларында үш негізгі филиал жұмыс істейді. 10 жыл бойы жасақ балалардың сауықтыру лагерлері мен орталықтарында өз жұмысын атқарады.

СНХ: РАВИЛЬ ЗАГАЙДУЛЛИН, «ДУМАН» ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОТРЯДЫНЫҢ АҒА ҮЙЛЕСТІРУШІ: Оқу жылы бойы студенттерге аптасына 2 рет сабақтарын өткіземіз, онда студенттер қосымша білім алып, жазғы кезеңде тәлімгер бола алады. Кейін балалар сауықтыру лагерлері мен орталықтарында жұмыс істейді. Жылына екі рет, қыркүйек және қаңтар айларында үгіт-насихат концерттерін өткіземіз. Бүгінгі концерттік бағдарлама біздің қандай шығармашылықпен айналысатынымызды көрсетуге бағытталған. Балалар сауықтыру лагерлерінде өз таланттарын қолданатын вокалистер, актерлер, бишілер бар. Бүгін биылғы оқу жылындағы екінші концерт. Оған өткен оқу жылынан бері бізде оқып жүрген және осы оқу жылында келетін практиканттар қатысады.

РКС: Отрядтағы оқыту интерактивті форматта өтеді. Ол ойын форматында өткізілетін оқыту дәрістері және практиканттар өздерінің таланттарын қолданатын практикалық сабақтар. Яғни, ойындар өткізіліп, жазғы лагерьлерде қолданылатын көріністері дайындалады.

СНХ: АҚТОРҒЫН ҒАЛИАҚПАРОВА, ТӘЛІМГЕР: Бізде екі сбор болады практиканттардың. Практиканттарды жинап, тәлімгерлікке үйретеміз. Әртүрлі актерлік шеберлік, ораторский шеберлік, балалармен жұмыс лагерьде. Болашақта өздеріне керек нәрселерді біздің «Думанда» алу үшін өзіміздің қолымыздан келетін барлық жағдайларды жасаймыз. Болашақта барлығымыз ата-ана боламыз, сол үшін балалармен жұмыс істеу әр адамға өзіне қажет деп санаймын. Және лагерьде кішкентай балалардан басқа жасөспірім балалар да бар. Солармен жұмыс істеп, тәлімгерлер өздеріне болашаққа тәжірибе жинайды.

РКС: Студенттердің біразы отрядқа осындай концерттік бағдарламалардың арқасында оқуға келеді. Өйткені сахнада тәлімгерлердің жұмысын көріп, осы жұмысқа қызығушылық танытады. Айта кету керек, жыл сайын отрядта 100-150-ге жуық практикант оқып шығады, кейін олардың жартысы өздері тәлімгер болып жұмыс істей бастайды.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.