ДИКТОР: Көкшетауда робототехникадан республикалық чемпионатының облыстық іріктеу кезеңі өтті. Чемпионатқа облыстың барлық ауданы мектептерінен жасақталған 56 команда өзара бақ сынасты. Әр командада 2 оқушы болды.

РКС: Жарысқа робототехникадан аудандық іріктеу кезеңінен өткен 9-бен 17 жас аралығындағы оқушылар қатысты. «Robo» командасының мүшелері Нұр-Асыл Талғат пен Сайлау Санжар Ақкөл ауданы бойынша өткізілген сайыстан сүрінбей өтіп, облыстық кезеңге жолдама алып келіпті.

СНХ: НҰР-АСЫЛ ТАЛҒАТ, САЙЛАУ САНЖАР, «ROBO» КОМАНДАСЫ АҚКӨЛ АУДАНЫ): Робототехникаға қатысқанымызға 2 жыл болып қалды. Мектептегі курсқа барып жүрміз. Ең бірінші келгеніміз мында ол сумомен болды. Бірақ ол кезде жеңіліп қалдық. Ал осы жолы жеңіспен келдік. Жүк машина А1 ден А2-ге тасу керек. А2-ден В1-ге дейін тасу керек. Мен айтишник болғым келеді, программа тілін үйреніп жатырмын.

РКС: Чемпионат роботтарды жобалау, оларды бағдарламалау, сондай-ақ техникалық мамандықтарды дәріптеуге бағытталған. Қатысушылар 7 санат бойынша сайысты.

СНХ: ҚАЖЫМҰҚАН КӘРІМ, ЧЕМПИОНАТТЫҢ БАС ТӨРЕШІСІ: Бізде 7 категория бойынша жұмыс жасалып жатыр. Яғни, әр категория бізде өзінің регламенттерімен есептелетін болады.Және бұл балалар бізде облыстық дәрежеден шығып, кейін халықаралық дәрежеде қатысатын болады. Бұл жарысқа бізде 56 команда қатысып отыр, яғни облыстан келген барлық аудандардан қалалардан қосып келгенде 56 команда жиналды. Олардан біз ең мықты деген 7 команданы анықтайтын боламыз. Әр категория бойынша. Енді жалпы категорияларды айтып кететін болсақ, ол инверстік сызық бойынша жарыс, туды жеткізу, робот сұрыптаушы, робот жеткізуші, мерген категориясы, робоБаскетбол және роботек деген категориялар.

РКС: Чемпионат қорытындысы бойынша «Робот сұрыптаушы» санаты бойынша Аккөл ауданының атынан «ASH№1» командасы, «Робот жеткізуші», «Туды жеткізуші» номинацияларын Бурабай ауданына қарасты Қызылағаш мектебінің «Абылай хан» тобы еншіледі. Ал инверстік сызық бойынша өткен сайыста қосшылық «Jana Beles» тобы жеңіске жетті. Осы шаһардың тағы бір тобы «Роботек» санатында үздіктер қатарынан көрінді. Робобаскетболдан Көкшетау қаласының «Джон Сина», «Мерген» құзыреттілігі бойынша Болашақ сарайының командасы жеңіске жетті. Енді осы 7 команда мамырдың 5-і мен 6-сы аралығында өтетін республикалық чемпионатта Ақмола облысының намысын қорғайды.

САБИНА ЖАМШИТОВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ