ДИКТОР: Көпшіліктің жүрегінен орын алған елордалық "Жастар театры" Көкшетауға келіп, қала тұрғындарын қуантты. Өнер ошағы бұл жолы Сәбит Дүйсембиевтің "Ғашықтық ғаламаты" атты театрландырған концертімен келді.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Үкілі Ыбырай атындағы облыстық филармонияның залына жиналған көрермен адал махаббатқа жету жолындағы күреске куә болды. Ал, ересек буын жастық жаққа, алғашқы махаббатқа оралғандай күй кешті.
СНХ: ДӘУРЕН СЕРҒАЗИН, КИНО ЖӘНЕ ТАЕТР АКТЕРІ: Бұл енді сағынышқа толы қойылым. Жас буынға да. Өйткені, махаббат тақырыбы жас таңдамайды. Жас ерекшелігіне қараймайтын қойылым. Өйткені, мейірімге, жылулыққа толы. Ешқандай қатыгездік сахналар жоқ. Сондықтан, үлкен кісі болсын, жастар болсын біздің қойылымнан жақсы әсер алады деген ойдамын.
РКС: Сахна саңлақтары әйгілі заманауи хиттермен ұштасқан "Ғашықтық ғаламаты" атты музыкалық қойылымды жоғары деңгейде сомдап, көкшеліктерді бірден баурап алды.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: ҚАДЫРӘЛІ ҚАЛМҰРАТ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Біз телевизордан көріп жүрген актерларымызды көріп, әсерлеріміз өте керемет. "Жастар театрына" үлкен алғысымызды білдіреміз! Көңіл-күйімізді көтерді. Қойылым махаббаттың не екендігін жеткізе алды. Ғашықтықтың ғаламатын сездіре білді.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Айта кетейік, "Жастар театры" алдағы уақытта бұл қойылыммен еліміздің өзге де өңірлеріне гастрольдік сапарды жоспарлап отыр.
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ