ДИКТОР: Былтыр облыс экономикасына 500 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылды. 200-ден астам жоба іске асырылуда. Соның арқасында аймақта 2 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылуда. Жүзеге асырылған ірі келісімдер мен инвестициялық ахуал туралы тілші баяндайды.

РКС: Өткен жылы бірқатар инвестициялық бастаманы іске асыру туралы келісімдер жүзеге асырылды. Мәселен, Аршалы ауданында жел электр станциялары салынуда. Көкшетауда құрама жем зауытының құрылысы басталды. Ал Степногорск қаласында металл бұйымдарының өндірісі жаңғыртылуда. Бірқатар ауданда сүт-тауарлы фермалары пайда болады. Сонымен қатар, Атбасарда локомотивтер құрылысы жолға қойылады. Биогаз зауыттары Бурабай және Бұланды аудандарында салынады деп жоспарланып отыр.

СНХ: БАҚЫТЖАН САПАР, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІП БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Ұлттық Банктің ресми статистикалық деректері бойынша Ақмола облысы шетелден тартылған тікелей инвестициялар бойынша 4-ші орында, ол былтырғы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша шамамен 361 млн. АҚШ долларына тең болды. Біз қазір инвестицияларға тапсырыс беріп жатырмыз. Инвестицияларды тарту мақсатында Қазақстан Республикасының шетелдегі елшіліктерінде таргеттелетін әзірленген өңірлік инвестициялық бағдарлама бар.

РКС: Ақмола өңірі халықаралық ынтымақтастықты белсенді дамытуда. Қазақстанның жаһандық инвестициялары бойынша дөңгелек үстел аясында қытайлық компаниямен келісімге қол қойылды. Бұл агроөнеркәсіптік кешенге салынған инвестиция. Астықты терең өңдеу зауытын салу жоспарлануда. Аталған жоба мыңдаған жұмыс орнын ашуға мүмкіндік бермек. Ең бастысы-Қазақстанның экспорттық әлеуетін нығайтады.

СНХ: БАҚЫТЖАН САПАР, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІП БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Аршалы ауданында республикалық маңызы бар индустриялық аймақ құрылды. Бұл индустриалды аймақтың аумағы бірінші кезеңде 300 гектардай. Бірақ қазір біз оны 1 мың гектарға ұлғайтып жатырмыз. Ол жерде барлық көлік жолы бар. Темір жол, халықаралық автомобиль жолдары, жақын жерде "Сарыарқа" газ құбырының магистралі өтеді. Жоғары вольтты электр желілері бар. Яғни, инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қажетті барлық инфрақұрылым бар.

РКС: Қазір "AQMOLA" индустриялық аймағында техникалық шарттар пысықталуда. Инженерлік желілер салынып, қажетті коммуникациялар жүргізіледі. Инвесторларды тартумен және сүйемелдеумен "AQMOLA INVEST" орталығы айналысады. "Бір терезе" қағидаты бойынша жобалар идеядан бастап, пайдалануға берілгенге дейін жүргізіледі. Тіпті инвестициядан кейінгі кезеңде де. Орталық инвесторлармен 50-ден астам кездесу өткізді. Мүдделі компаниялардың үштен екісі – шетелдік компаниялар. Бұл аймақтың халықаралық бизнес үшін тартымдылығының бірден-бір дәлелі.

 СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.