ДИКТОР: Қазақстанда "Келешек" ерікті білім беру жинақтау жүйесі іске қосылды. Бағдарлама білім беру жинақтарын қалыптастыруға арналған және мемлекеттің, ата-аналар мен қаржы институттарының қатысуын көздейді.

РКС: Жинақты жоғары оқу орнын, колледжді немесе магистратураны қоса есептегенде білім беру қызметіне төлем жасау үшін құру жоспарланып отыр. Әр ата-ана екінші деңгейдегі кез келген банкте немесе сақтандыру компаниясында жинақтаушы шот аша алады.

ИНФОГРАФИКАҒА АРНАЛҒАН МӘТІН: Есепшот ашылғаннан кейін мемлекеттен 60 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бастапқы капитал аударылады. Биыл бұл сома 235 920 теңгеге тең. Халықтың әлеуметтік осал тобының балалары үшін бастапқы капитал – 120 айлық есептік көрсеткішке тең. Ол 471 840 теңге. Жыл сайын салымға, қолданыстағы бұған дейінгі шарттарға сәйкес халықтың әлеуметтік осал тобының балалары үшін 7, ал қалған салымшылар үшін 5 процент мөлшерінде мемлекеттік сыйақы түседі. Сондай-ақ банктен сыйақы немесе сақтандыру компаниясынан инвестициялық кіріс қарастырылған.

ИНФОГРАФИКА:

* Бастапқы капитал - 60 АЕК (2025 жылы - 235 920 тг)

* Халықтың әлеуметтік осал тобының балалары үшін бастапқы капитал - 120 АЕК немесе 471 840 тг

* 5% және 7 % сыйақы

* Банктен сыйақы

СНХ: ДИНАРА ЖҮНІСОВА, " ХАЛЫҚ-LIFE " АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ КӨКШЕТАУ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Президент Жолдауының аясында мемлекет әрбір ата-анаға баланың болашақ білімі туралы қамқорлық жасауға мүмкіндік беретін шараларды әзірленді. Бұл жүйеге 5 жастан 18 жасқа дейінгі балалар қатысады. Бұл бағдарламаның талаптарына сәйкес халықтың әлеуметтік осал топтары үшін ай сайынғы жарна шамамен 4000 теңге. Жылына 12 айлық есептік көрсеткіш. Қалған санаттағы азаматтар үшін 24 айлық есептік көрсеткіш.

РКС: Егер бала 18 жасқа толғаннан кейін білім беру грантын иеленсе, қаражатты басқа техникалық немесе жоғары білім алуға жұмсауға болады. Сондай-ақ, бағдарламаға қатысушы білімі туралы құжатты ұсынған жағдайда жинақ сомасын тұрғын үй сатып алу үшін пайдалануға немесе оны шешіп алуға құқылы.

ТОҒЖАН БАЙМЕНОВА, АРАЙЛЫМ ШЫТЫРЫМБЕК, ЖҮРСІН ӨМІРЗАК, КӨКШЕ АҚПАРАТ