ДИКТОР: Сандықтау ауданы қысқы спорт түрлерін дамытуға өте қолайлы. Қар ерте түсіп, кеш ериді. Сонымен қатар, жыл бойы Балкашин ауылында шаңғы жолы жұмыс істейді.

STEND-UP: ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ТІЛШІ: қысқы спорттың орталығына айналған бұл өңірде республикалық және халықаралық жарыстар өткізуге мүмкіндік мол.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Ауданның жаңа әкімі өңірде қызмет жолын бастаған Серік Құдабаев қысқы спорттың материалдық-техникалық базасын нығайтып, халықаралық жарыстарды жиі өткізуді ауқымды жұмыстардың бірі санайды.

СНХ: СЕРІК ҚҰДАБАЕВ, САНДЫҚТАУ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: Ауданымызда қысқы спорт, әсіресе шаңғы жақсы дамыған. Заманауи шаңғы жолы бар. Өңірімізден әлемге танымал Сахнов, Савин, Бекентай сияқты белгілі шаңғышылар шыққан. Сол сара жолды жалғастырамыз. Осы аумақта үлкен спорт базасын саламыз. Сөйтіп, халықаралық жарыстар өткізуге мүмкіндік жасаймыз.

РКС: Шаңғы базасына арнайы бөлінген көлікпен, түсауа аудан орталығының мектеп оқушылары жеткізіледі. Сөйтіп, шаңғы жолында кезекті жаттығуларын жасайды.

СНХ: ИВАН СПИРИДОНИ, БАПКЕР: Биыл біздің шаңғышылар алғашқы жарыстарын бастап кетті. Облыстық чемпионтақа қатысып, бірнеше шәкіртім чемпион болды. Үшінші рет өткен әлем кубогінің кезеңіне қатыстық. Қысқы универсиадада бір шәкіртім өнер көрсетуде. Алда бірнеше жауапты жарыстар күтіп тұр. Соған дайындалып жатырмыз.

СНХ: ӘМИНА СӘЛІМБЕК, ШАҢҒЫШЫ: Шаңғы жолы өте жақсы. Заманауи талапқа сай жасалған. Бапкеріміз Валерия Трегубова бізді алдағы жарыстың біріне дайындап жатыр.

РКС: Қысқы спорттың мекеніне айналған Сандықтау жерінде алдағы жылдары әлемдік деңгейдегі жарыстар өтеді деп жоспарлануда. Оған дайындық қызу басталып кетті.

ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ